Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 оқу жылының есебі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 оқу жылының есебі
14
май
2019

Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 оқу жылының есебі

«Қамқоршылық» кеңесінің отырысы

ХАТТАМА № 1
17.05.2019 жыл «Үлгілі орта мектебі МДШО;Архар ШЖБМ» МКМ

Қатысқандар:
Құмғанбаев М – ҚҚ төрағасы
Өмірбекова Г. – мүшесі
Байжігітов Т. – мүшесі
Дәрібав Т – мүшесі
Берік Е – мүшемі
Мұсырпанов Е – мүшесі
Рахымберлі М-мүшесі
Нұрышбаева Б –мүшесі
Батқолдаева К-мүшесі

Шақырылғандар:
Мектеп директоры Дәрібай И
Мектептің әлеуметтік педагогі
Абдыкеров М
Кәсіп одақ ұйымының төрайымы
Қамбарова Т
А.Шалғынбай - мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Күн тәртібінде :
1.Мектепішілік «Қамқоршылық» кеңесінің 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі.
2. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар,жартылай жетім, аз қамтылған, толық емес, мүгедек бала, анасы н/е әкесі мүгедек, көп балалы отбасының балаларына материалдық көмек көрсету мектеп директоры Дәрібай И
Бірінші мәселе бойынша сөз кезегін мектептің әлеуметтік педагогы Абдыкеров Маулен сөз алды. Өз сөзінде : Мектепішілік «Қамқоршылық» кеңесінің жоспарын құру мақсатында атқарылатын іс-шара жоспарын анықтап, жоспарды талқылап, бекітуіміз керек» деп атап көрсетті. жартылай жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, толық емес, әкесі н/е анасы мүгедек, мүгедек бала, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету, конференция, сауықтыру шараларын өткізу, денсаулықтарын жақсарту, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мектеп оқушыларын экскурсияларға, серуенге, мәдени орталықтарға апару, қаражат мәселелерін шешу мақсатында жұмыстар атқару керектігі де баса айтылды. ЖБМББҚ қаржысының дұрыс игерілуін бақылау, жетім балалардың оқуға түсуіне, жұмысқа орналасуыларына жәрдемдесу, жоғарғы нәтижеге жеткен ұстаздарға, оқушыларға сыйақы қарастырып, мектептің оқу үрдісін жетілдіруге көмектесу т.б іс-шаралар атқару мақсатында төмендегідей іс –шара жоспары ұсынылып бекітілді.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Мұрат өз есебінде: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №3-18-3/55 хатына және Алматы облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 15 қаңтардағы №29 хатына сәйкес «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы мен республикалық «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы» «Балқаш аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №11-н бұйрығын орындау мақсатында 2019 жылғы 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында «Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Жалпыға бірдей білім беру» айлығы мен республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Акция «Мейірімді жандар» атты іс- шара барысында ауыл азаматтары мен мектеп мұғалімдері жетім, мүгедек, ата-ананның қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетті. Ахметқұлов Бақытжан 5-сынып оқушысы Болат Мейіржанға қыстық аяқ киім (12000т.) және 7-сынып оқушысы Мүтәһир Ботаға қыстық аяқ киім (16000т.); Қазанбаева Анар 2-сынып оқушысы Алтынбек Жанеркеге қыстық аяқ киім (12000т.) және 5-сынып оқушысы Әбдіразақ Әлиге қыстық аяқ киім (12000т.); 6-сынып оқушысы Серікқазықызы Ботакөзге қыстық куртка (14000т.); 7- сынып оқушысы Зерберден Диярға қыстық аяқ киім(13000т.); Укин Берікбол үйден оқитын 3-сынып оқушысы Асқарбек Заңғарға оқу-құралы мен «Сөйлейтін әліппе» (3000т.) алып берсе, Уалиев Айбек оқу жасындағы екі мүгедек балаға құрастырғыш (6000т.); Сәрсенбаева Кәріғұл үйден оқитын 5-сынып оқушысы Нұрмали Азаматқа оқу-құралы мен «Сөйлейтін әліппе» (3000т.) және ананың қамқорлығынсыз қалған 3-сынып оқушысы Айдарұлы Әділжанға оқу-құралын (3000т.); Шағатаева Гүлнұр ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 2-сынып оқушысы Айдарқызы Аружанға киім (6000т.) алу беру арқылы игі іс жасады. Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрағасы М.Құмғанбаев «мектепке жол» акциясы барысында жетім және аз қамтылған отбасының балаларына көрсетілген көмек жайында(тамыз айының 1-10аралығында 40000т.көлемінде және 10-20 қыркүйек арлығында 63500т.) және қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 3-сынып оқушысы Айдарұлы Әділжан облыстық шыршаға барып келгендігі және аудандық шыршаға 2-сынып оқушысы Айдарқызы Аружан (ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушы) мен 7-сынып оқушысы Асқарбек Сабина ұсынылғандығын айтып өтті.
2 – мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директоры И.Дәрібай алды.
Өз сөзінде «Мектебімізде жылдан –жылға аз қамтылған отбасы саны азайып келетінін, бұл дегеніміздің мемлекетіміздің жағдайының жақсарғандығын білдіретіндігін атап көрсетті. «Мектепке жол» акциясынан көптеген көмек берілуде екенін, акция бойынша акция барысында жеке кәсіпкер көмегі жайлы айта кетер болсақ, жеке кәсіпкер 1.08-10.08аралығында Жүнісов Жәнібек 2 оқушыны соммасы 28880тг оқушыны мектеп формасымен, Акция барысында барлығы 2 балаға бюджеттен тыс жалпы соммасы 28880 теңге көлемінде көмек көрсетілді. ЖБМББҚ есебінен 20 бала «Эдельвейс» спорттық сауықтыру орталығында демалып қайтқандығын және осы сияқты іс-шараларға каржы көзін қарастырып, демеушілерді тарту керектігін ескертті. Әлеуметтік жағдай төмен отбасының балаларына қайырымдылық көмектің көрсетілгендігі жайында хабарлама жасады.Нақты тоқталар болсақ:
1.жалғыз басты ана Ордабаева Арайлымның ұлына аяқ киім (6000т.), және куртка (6000т.) алып берілді.
2.Көп балалы отбасы Т.Қантаевтың балаларына аяқ киім (2дана х 4000т.) алып беріп игі іс жасады.
3.Сонымен қатар көп балалы отбасы Молдабеков Тұрсынханның 2-сыныптағы қызына куртка (6000т.) алып берілді.
4. Сондай-ақ көп балалы отбасы Молдабеков Зерберденнің 2 ұлына куртка (13000т. және 14000т.) алу арқылы көмек көрсетілді.
5.Жалғыз басты ана Кенжебекова Нұржазираның 6 -сыныптағы қызы 14000теңгеге куртка алып берілді.
6.Көп балалы отбасылардың бірі Арықбаев Серіктің ұлына аяқ киім алып берілді. (4000т.)
Аталмыш көмектерде жазда ұйымдастырылатын «ЖасНұр» мектепішілік сауықтыру лагеріне 20 аз қамтылған,көп балалы, жетім, жартылай жетім балаларға 60000 тг көлемінде жеке кәсіпкер Карибаев А демеушілік ететінін айтып өтті.
Жарыссөз:
Рахымберлі М – комиссия мүшесі, Өмірбекова Г-ата-аналар комтетінің төрайымы кеңестің төрағасының жоспармен таныстық, қолдан келмейтін
жұмыс емес қоғамдық жұмысты атқаруға әрқашан дайынбыз.
«Қамқоршылық» кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына ризашылығымды білдіремін.

Қарсы жоқ Қалыс жоқ

Қамқоршылық кеңесі төмендегідей шешім қабылдайды:
1. «Қамқоршылық» кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған шаралары қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жартылай жетім, көп балалы, толық емес, әкесі н/е анасы мүгедек, мүгедек бала, аз қамтылған отбасы балалары анықталып, көмек көрсету шаралары алдағы уақытта жалғастырылсын.



Жиналыс төрағасы : Құмғанбаев М
Жиналыс хатшсы: Қамбарова Т