2021 – 2022 оқу жылының І жарты жылдығында тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021 – 2022 оқу жылының І жарты жылдығында тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі
23
март
2022

2021 – 2022 оқу жылының І жарты жылдығында тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021 – 2022 оқу жылының І жарты жылдығында тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың
талдау есебі

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2021 – 2022 оқу жылын 22 сынып комплектісімен бастады. 5 – 11 сынып аралығында 14 сынып комплектісі бар. Оқу-тәрбие үдерісінің сапасының көтерілуде жұмыстың ұйымдастырылуы маңызды орын алады. Жаңа оқу жылының басында құрылған жоспар бойынша. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Елбасы өз мақаласында ұлт мақтанышы болған бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билерiмiз бен жырауларымыздан басқа ел ішіндегі еңбегі ерен тұлғалар жайлы өскелең ұрпаққа мағлұмат беруді жөн санайтындығын айтып өтті.
Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
1 – бағыт: Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.
Мақсаты: патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.
«Үлгілі» орта мектебінде 1 қыркүйекте «Білім күніне» арналған «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-22 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» іс-шарасын дәстүрлі форматта өткізуді ұсыну туралы бұйрығын, аудандық 2021жылғы 31 тамыздағы №735 бұйрығын басшылыққа ала отырып өткізілді. Шара бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиында оларға «Әліппе»/ «Букварь» алғашқы оқулығын табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында ұйымдастырылды. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуінің қатысуы ұсынылады. 2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағатын өткізу ұсынылады. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Мектеп алаңы шармен, гүлмен, жалаушалармен безендіріліп, қанатты сөздер жазылып ілінді.
Сонымен қатар елімізде болып жатқан пандемияға байланысты қауіпсіздік шаралары кешенін қамтамасыз ету бойынша бірнеше ұстанымдар негізге алынды:
 Алғашқы қоңырауға арналған «Кел,балалар,оқылық!»салтанатты жиыны 1сынып оқушылары үшін еліміздегі жағдайларға байланысты санитарлық –эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиын ұзақтығын 9:00 ден 9 : 40 қа дейін уақыт сақталып ұйымдастырылды.
 салтанатты шара басталмас бұрын мектеп алаңын тазалап, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етілді;
 мектеп ғимараты мен аумағында қашықтық сақтауға байланысты белгілер салынды;
 Іс – шараға бірінші сынып оқушылары ата – аналарының біреуі ғана қатыстырылды.
 маска режимін қамтамасыз ету және іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақталынды;
 мектеп аумағында адамдардың, қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және т.б) жиналуына жол берілмеді;
 салтанатты шараларға қатысатын педагогикалық ұжым, оқушылар жеке антисептикалық құралдарды қолдану қажеттілігі айтылды;
 2 – 11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
 Сонымен қатар, қазіргі эпидемиологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, мектеп оқушылары мектеп формасы және классикалық стилдегі ыңғайлы киімдермен қатыстырылды.
 Түсіндіру жұмысын жүргізу, жаңа оқу жылында оқушыларды оқытудың ерекшеліктері туралы ақпараттандырып, жаңа жағдайда оқытудағы мектеп және отбасының өзара іс-қимылын анықтау мақсатында «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысын онлайн форматта телефондағы конференция батырмасы арқылы өткізілді. Ата-аналарға оқу жылындағы оқыту форматына байланысты, мектеп дайындығы туралы барлық сұрақтарына жауап берілді.
Салтанатты жиын мемлекеттік гимнімен басталып, арнайы бағдарламамен жүргізілді.Салтанатты жиынға Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы, Қарой ауылдық округінің әкімі Болатов Әділғали Бексұлтанұлы мен мектеп директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызы қатысып, 1 сынып оқушыларын бүгінгі айтулы мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында оқу жылының басталуы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Білім күні» іс-шарасын өткізудің маңыздылығы ескеріліп, ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Салтанатты жиын барысында ешқандай келеңсіз оқиға орын алмады.


Мектебімізде 06 – 20 қыркүйек аралығында Балқаш аудандық санитариялық – эпидемиялогиялық бақылау басқармасы, АОСЭБД-нің 03.09.2021жылғы шығыс № 24-26-3-4482 санды хатын басшылыққа ала отырып Үлгілі орта мектебінде «Педикулезбен қалай күресуге болады?» акциясы тақырыбы аясында арнайы әр түрлі жас деңгейінде сыныптар бойынша іс-шаралар өткізілді.
Аталмыш тақырып бойынша 1-4 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстану үшін тазалық пен гигиенаны дұрыс ұстану жолдары айтылып өтті. Сынып белсенділері арасынан 3 сынып оқушысы Айдынқызы Айзере «денсаулық баға жетпес байлығымыз, ол үшін әр оқушы өз тазалығына мұқияттылықпен қарауы тиіс» деп өз ойын білдірді.

«Педикулез» атты тақырыпты басшылыққа ала отырып, шаш күтімі бала денсаулығы үшін тазалығы өте маңызды екендігін сонымен қатар баланы алғашқы күнен таза ұстауы түрлі инфекциядан қорғайтыны туралы 5-11 сынып араслығында лекциялық сабақ өткізілді. Сабақ барысында 9 сынып оқушысы Аманбай Зейнеп « он екі мүшең сау болса-қара басың хан мен тең» деп тазалықтың алдын алсақ біз педикулездің алдын аламыз деп өз пікірін қалыптастырды.



1 – 23 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар!» атты жол қозғалысы айлығының өткізілді. Мектеп бойынша 1-8 сыныптардағы көшеде жүру ережелерінің сабақтары өткізілді. 1-сыныптар бойынша қыркүйек айының 2 күні «Көшеде күтпеген жағдайға толы» тақырыбында 2-сыныптар арасында 3.09.2021ж «Оқушыларының көшеде және жолда өздерін ұстай білу ережелері» және практикалық сабақтар өткізілді. 3-сыныптар бойынша 06.09.2021 ж «Жол беттері және жолға салынатын таңбалалар» тақырыбында сабақ өтілсе, 10.09.2021ж 4-сыныптар бойынша «Қай жерде ойнауға болады» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қасабеков Қайыркен 10 сынып оқушыларына жүргізген тәрбие сағатына қатыстым. Мұғалім 10 -сынып оқушыларына «Көше деген не?», «Бағдаршам деген не?» деген сұрақтар беріп, ол сұрақтарға мұғалім өзі толық мағұлмат беріп, түсініктеме жұмыстарын көрнекіліктер арқылы түсіндірді. «Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті сақтамау қауіпті екендігін» мұғалім практикалық іс-шаралар арқылы көрсетті. Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде, өздерінің тұратын ауылдың қандай көшелерін білесіңдер?, көшеде тәртібі деген не?, Өздерің мектепке барып, қайтарда қандай көшеде жүресіңдер? деген сұрақтар берді. «Жол қауіпсіздігін жақтаймыз»атты акция өз дәрежесінде өткізілді.


13 қыркүйек күні 4 «ә» сыныбында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.



20 – 24 қыркүйек аралығында 10 сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Кітап рухани жаңғыру құралы» атты тақырыпта апталық өткізіліп оқшыларға әдеби кітаптар ұсынылды.


1 қазан «Қарттар күніне» орай «Қарттары бардың – қазынасы бар» атты тақырыпта 9 сынып оқушыларынмен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында 9 «а» сынып оқушылары қонаққа зейнеткер ұстаз Батқолдаева Клара апайды шақырып, өнегелі өмір жолынмен танысып ұстаздық жолындағы қызықты ақиғаларымен ой бөлісті.



5 қазан «Ұстаздар күніне» орай мектебімізде «Мектеп парламенті» өзін – өзі басқару ұйымының оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы есім» атты тақырыпта мерекелік іс – шара жұмыстары ұйымдастырылды.


13 қазан «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша аудандық іріктеу кезеңі «Ақкөл» орта мектебіне ұйымдастырылып мектебімізден «Адал ұрпақ – адалдық айнасы» атты тақырыппен мектебіміздің оқушылары қатыстырылды. Шара барысында аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен қатар 11 сынып оқушысы Жомарт Дамир жарыс барысында белсенділік танытқандығы үшін қосымша мадақтама қағазымен марапатталды.



18 қазан күні «Заң және жасөспірім» атты тақырыпта «Жалын» дебаттық клубының мүшелері арасында құқықтық тәрбиелік ашық алаң сөз жарысы ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісіп белсенділік танытты.


20 қазан күні «Терроризмнің алдын алу басты міндет» атты тақырапта «Мектеп парламенті» мүшелерінің қатысуымен педагог ұйымдастырушы К.Оспанбаеваның ұйымдастыруымен сыныптан тыс шара өткізілді. Шара барысында оқушыларға теріс діндердің адам өміріне, психологиясына тигізетін зиянды әсерлері туралы айтылды.

21 қазан күні мектеп «Жалын» дебаттық клубының мүшелері арасында «Компьютерлік ойындар тұлғаны қалыптастырады» атты тақырыпта ашық дебат ұйымдастырылды. Дебат барысында оқушылар ұялы телефонның тигізер пайдасынан зины көптігіне көбірек тоқталып өтті. Қазіргі таңдағы мәселелердің көбі осы ұялы телефонындағы келеңсіз сайттар мен ойындар болып отқанын қозғады. Ойды қорыта келе компьютерлік ойындар тұлғаны қалыптастырғаннан психологиялық жағынан тигізер зияны көптігі айтылды.



Мектепте 26 – 27 қазан күні «Алтын күз – 2021» атты күз мезгілінің қыр – сырын бейнелейтін мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Сыныптарға алдын ала жеребе бойынша алынған жемістің мақсаты оқушылар күзгі жемістердің денсаулыққа пайдасы мен маңызын түсіндіру болып табылады.
26 қазан күні таңертеңгі сағат 10-де МАД – 1 тобында «Алтын күз – 2021» атты тақырыптағы сайыста төрт топтың да оқушылары өз өнерлері мен қолөнерлерін ортаға салды. Кішкентай бүлдіршіндерге әділ қазылар алқасы да өз тілегін білдірді.Марапаттау сәті:


Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
1 «а»сыныбы-ананас-жетекшісі - бас жүлде;
МАД «ІІ» сыныбы-құлпынай- жетекшісі- І орын;
МАД «І»сыныбы-апельсин-жетекшісі- ІІ орын;
1 «ә» сыныбы-жүзім- жетекшісі- ІІІ орын;
26 қазан күні сағат 15:00 де «Алтын күз» мерекесі 2-4 сыныптарға өткізілді. Әр сынып жеміс жидектердің кейпіне енді.


Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
3 «ә»сыныбы-алма-жетекшісі Иманалиева Роза - бас жүлде
2 «а» сыныбы-арбуз- жетекшісі Куандыкова Айгул- І орын;
4 «ә» сыныбы-шие- жетекшісі Құрманбаева Айжан- ІІ орын;
2 «ә» сыныбы-өрік- жетекшісі Шалғынбекова Амантай – ІІ орын;
3 «а»сыныбы-банан-жетекшісі Төлжанова Зоя- ІІІ орын;
4 «а»сыныбы-алмұрт-жетекшісі Нурова Анияр- ІІІ орын;
27 қазан күні сағат 10:00 де «Алтын күз» мерекесі 5-7 сыныптарға «Күз ханзадасы мен ханшасы» атты тақырыпта жалғасын тапты.



Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
8 «ә»сыныбы-жетекшісі Оразтаева Фарида - бас жүлде
9 «ә» сыныбы-жетекшісі Елжанова Мейрамкүл- І орын;
9 «а» сыныбы – жетекшісі Мадиханова Гүлшат - ІІ орын;
10 «ә» сыныбы-жетекшісі Дулатбек Қырмызы– ІІ орын;
10 «а»сыныбы-жетекшісі Айтақынова Гүлбақыт - ІІІ орын;
8 «а»сыныбы-жетекшісі Дүйсенбек Рауан- ІІІ орын;
27 қазан күні сағат 15:00 де «Алтын күз» мерекесі 8-10 сыныптарға «Күз ханзадасы мен ханшасы» атты тақырыптағы сайыс жалғасты .


Ата – бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қасиетті жерімізді ардақтап, қорғау әрбіріміздің парызымыз. 30 жыл тарих сахнасы үшін аз ғана уақыт болу мүмкін, ал біз осы жыл ішінде көпұлтты мемлекет бола тұра ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Осы орайда мектебімізде 4 қараша мен 15 желтоқсан аралығында мектеп оқушыларымен 30 күндік іс шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
Мекебіміздің 2 сынып жетекшілері Шалғынбекова Амантаймен Куандыкова Айгүлдің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік байлығым» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатында оқушыларға 1986 жылғы жастар көтерілісі, Тәуелсіздіктің оңай келмегендігі, тәуелсіздік туын алып берген жастарға деген құрмет сынды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» жобасы аясында 30 күндік оқушыларды кітапқа тарту жұмыстары жүргізілді. Шара барысында кітапханашы Жұмағұлова Розаның ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта жас оқырман байқауы ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.



11 қараша күні «Желбіресін Тәуелсіздік байрағы» атты тақырыпта 10 «а,ә», 5 «а,ә» сынып оқушыларының қатысуымен құттықтау видео материалы жасалынды.
12 қараша күні «Менің Отаным» атты тақырыпта 1- 4 сынып оқушыларының қатысуымежас қыл қалам шеберлерінің сурет байқауы өткізілді.



15 қараша күні «Тәуелсіз елдің –айнасы»Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері көркем ғимараттарын жасаудар макеттер жарысы ұйымдастырылды.


16 қараша күні "Тәуелсіздік және рухани жаңғыру" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтақынова Гүлбақыттың ұйымдастыруымен 8-11-сынып оқушылары арасында эссе, шығарма байқаулары ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар белсенділік танытқан.

17 қараша күні «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты тақырыпта 6 «а,ә» сынып оқушыларының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.


18 қараша күні «Менің Қазақстаным» атты тақырыпта 5-10-сынып оқушылары арасында Исаев Қайсардың ұйымдастыруымен жас қыл қалам шеберлерінің сурет байқауы өткізілді.


19 қараша күні меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрін дамыту «Краудфандинг» - қазақ танымындағы – Асар, қайырымдылық акциясын ұйымдастыру жұмыстарын әлеуметтік педагог Жамшигулова Айгерім ұйымдастырды. Шара барысында аз қамылған, жартылай жетім, көп балалы және жетім балалар қамтылды.


23 қараша күні «Қазақстан – алтын бесігім» атты тақырыпта 3 «а,ә» сынып оқушыларының қатысуымен зияткерлік сайысы ұйымдастырылып, 3 «ә» сыныбы жеңіске жетті.





24 қараша күні ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін насихаттау: күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы арналған мектепішілік күрестің іріктеу кезеңі өткізіліп, жеңіске жеткен балуандар аудандық деңгейде өтетін Мұсабеков Қожаханды еске алу турниріне жолдама алды.


29 қараша күні «Мен және отбасым» атты тақырыпта дене тірбиесі пәнінің мұғалімі Құлжахметов Дулат пен Шатаев Серікболдың ұйымдастыруымен отбасылық спорттық сайыс өткізілді.



1 желтоқсан «Тұңғыш президент» күніне орай МАД тобының оқушыларымен «Менің тұңғыш президентім» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.


2 желтоқсан күні «Менің Қазақсаным» атты тақырыпта 2-11 сынып оқушылары арасында диктант жұмыстары алынды.

6 желтоқсан күні «Мәңгілік ел – тәуелсіз ел» атты тақырыпта педагог ұйымдастырушы Оспанбаева Камшаттың ұйымдастыруымен сурет байқауы өткізілді.



3 желтоқсан күні «Тәуелсіздіктің бақытты балалары» атты тақырыпта қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен эссе байқауы ұйымдастырылды.

8 желтоқсан күні «Туелсіздік жетістіктері» атты тақырыпта мекеме қызметкерлері арасында волейбол жарысы өткізілді. Шара барысында «Үлгілі» орта мектебінің қыздар ұжымы І орынмен жеңіске жетті.


9 желтоқсан күні «Желтоқсан батырлары» атты тақырыпта шығарма байқауы өткізіліп, шара барысында оқушылар белсенділік танытты.


10 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тұғыры» атты тақырыпта 10 сыныпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.


13 желтоқсан күні педагог ұйымдастырушы Оспанбаева камшаттың ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі болып өтті.



14 желтоқсан күні «Мұзға жаққан Тәуелсіздік алауы» атты тақырыпта 8 «а,ә»; 7 «а,ә» оқушылырының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізіліп, желтоқсан оқиғасының қойылымы қойылды.


15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік ұландары» атты тақырыпта 8-10 сынып оқушылары арасында көңілді тапқырлар алаңының әзілдері жарысы ұйымдастырылды. Шара соңында 30 күндік бөткізілген іс – шаралардың қорытындысы бойынша мектеп оқушылары марапатталды.



20 желтоқсан күні «Еңбектің жемісі бала тәрбиесінде»атты тақырыпта 6-7 сынып оқушыларына диспут өткізілді. Шара барысында оқушылар өз ата – аналарының жұмыс орындары турал айта отырып, ата – ананың еңбегінің жемісі балалары екендігі туралы ой қозғалды. Деспут барысында балалардың болашақ мамандықтары туралы да сөз қозғалып, оқушылар өз армандарымен бөлісті.




21 желтоқсан күні «Қызым қызғалдағым» атты тақырыпта мектеп медбике Абаева Айгерім мен педагог психолог Жандосова Ташкен, «Инабат» қыздар ұйымының жетекшісі Зикирбаева Бибігүлдің ұйымдастыруымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ерте жүктіліктің балалық шаққа кері әсері, қыз баланың жеке гигиенасының тазалығы туралы сөздер қозғалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




24 желтоқсан күні «Мұсабеков Қожаханды» еске алу аудандық грек – рим күресі ұйымдастырылып, мектеп оқушылары қатыстырылып, шара барысында белсенділік танытылып жүлделі орындарды иеленді.




22-28 желтоқсан күні «Жаңа 2022жыл» атты тақырыпта жаппай мектепішілік тәрбие сағаты негізінде жаңа жылдық мерекелік шарасы сынып сағаты негізінде өткізілді. Шараға 100% оқушы қатыстырылды.






Сонымен қатар, мектебімізде ұйымдастырылған іс-шаралар еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай