1 тоқсандық тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс - шаралардың талдау есебі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 тоқсандық тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс - шаралардың талдау есебі
15
ноябрь
2018

1 тоқсандық тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс - шаралардың талдау есебі

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш
мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде І тоқсан бойынша тәрбие бағытында
жүргізілген жұмыстардың талдау есебі

Оқу-тәрбие үдерісінің сапасының көтерілуде жұмыстың ұйымдастырылуы маңызды орын алады. Жаңа оқу жылының басында құрылған жоспар бойынша Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Білім күні 1-11 сынып оқушылары «Алғашқы қоңырау» атты мерекелік шараға қатысты.


Мерекелік шарадан соң әр сынып өз сыныптарында «Мен- өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.
9 қыркүйекте «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты достық фестиваль өтті. Фестивальге 1-11 сынып оқушылары атсалысты.




Қыркүйек айының 21-22 күні Үлгілі орта мектебінің 80 жылдық ,қарой ауылының 65 жылыдық мерекелі тойы аталып өтті. Үлкен мереке барысында жоспарға сәйкес таңертеңгі сағат 9-00 де Даңқ ескерткішіне барып, «Ешкім де ешнәрсе де,ұмытылмайды» деген тақырыпта 5-10 сынып оқушыларынан құралған парад болды.Ауыл тұрғындары мен келген құрметті қонақтар құран оқытып, гүл шоқтарын қоюдан бастады.
Мектеп алаңы мен іші өте жақсы дәрежеде безендірілді. Мектеп кіре берісінде оқушылар(3-4сынып оқушылары) қолдарына шар мен гүлдерін алып амандасып тұрды.(Сәлеметсіздерме,қош келдіңіздер!) Мектеп табалдырығынан ішке кіргеннен гидтер құрметті қонақтарды қарсы алып бірінші этаж фоэсінен таныстырып отырды. Бірінші қабатқа «Қаройлық қаламгерлер» тақырыбында ақын жазушыларының кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 80 жылдық тарихы бар алтын ұя мектебімізде талай жыл еңбек еткен ұстаздарымыздың құжаттарынан көрме қойылды. «Ауылым-алтын бесігім» және «Астана - арман қала» деген атпен технология пәнінің мұғалімдері Исаев Қ,Қыдыркелді Г,Елжанова.М,Исаев.А оқушылардың қолөнер көрмесін қойды. Алпарова С, Жәмшіғұлова А ,Сұлтан Н. Дайындаған мектеп өмірі жайлы видеоролик көрсетіліп тұрды.
АКТ залда «Алтын ұя мектебіме -80жыл» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп өмірі жайлы видеоролик көрсетіліп , ауылымыздан шыққан ақындардың өлең жырларын оқушыларымыз нақышына келтіре оқыды. Мұхамед Ерғазының орындауында «Мектебім» әні орындалды.11 сынып оқушылары «» вальс биін биеледі. 15 минут ішінде шараны көріп келген құрметті қонақтар оқушылардың өнерелеріне ризашылығын білдіріп қайтты.
Мектеп асханасынан арнайы «Бөбек» шағын орталығының қыздары дайындаған фуршеттен дәм ауыз тиіп бата берді. Мерекелік іс шара ауылдық мәдениет үйінің алдында жалғасын тапты .





«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен,Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі «Алматы облысының жолуашы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, облыстық Ішкі істер департаментінің 2018 жылғы 20 тамыздағы №5-5-85/2188- И және «Алматы облысының жолуашы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»-нің жол-көлік жарақаттануының алдың алу хатына сай, оқу жылында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орта мектеп оқушыларының арасында насихаттық-алдын алу іс-шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және шығарма диктант жұмыстары алынды . Мектепте 391 оқушы оқиды. 2-4 сынып оқушыларын - ,
5-ның арасында «Жол тәрбібін білейік,Аман есен жүрейік» атты сайыс өткізді.Мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және іс-жүзінде пайдалана білуін же

тілдіру.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
8 сынып оқушылары арасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» тақырыбында диктант жазылды, диктант жұмысына 155 оқушы қатысты.


9-11 сынып оқушыларынан «Жолда жүру қауіпсіздігінің шаралары» тақырыбында шығарма жазылды.
Оқушылар шығармасында «Адамдар жол-жүру ережелерін жетік біліп және де жолда жүргенда абайлап жүруге тырысу керек,өз өмірімізге де,өзгенің өміріне де сақ болу үшін жол жүру ережелерін жетік білу біздің басты міндеттеріміздің бірі»-деген пікірлерін білдіргендігі анықталды.
4 қазан күні «Ұстазым -Ұлағатым» атты ұстаздар мерекесіне арналған іс- шара ұйымдастырылды. Мереке таңғы сағат 8 -00 –ден, кешкі 20- 00 аралығында өткізілді . Таңғы 8-00де мұғалімдерге арналған ертеңгілік жаттығу ұйымдастырылды. 8-00 мен 12-00 аралығында мектебіміздің жас мұғалімдер арасында волейбол өткізілсе, үлкен мұғалімдер арасында «Ұлағатты ұстаздар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында мұғалімдерге арналған сұрақтар мен ойындар қарастырылды. Сағат 15-00-17-00 аралығында аталған тақырыпта оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өткізілді.



Концерттік бағдарламада ойындар ұйымдастырылды, келген ардагер ұстаздар ақ тілектерін білдіріп,оқушыларға және ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен сәттілік тілеп қайтты.







Мектепте «Алматы облысында ішек жұқпаларының алдын алу бойынша санитариялық – эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» 2018ж. 05.10. №№№423-н, 481-н, 604-н бұйрығын іске асыру барысында «Таза қол» акциясы шеңберінде Үлгілі орта мектебінде, 1-6 сыныптар арасында 251 оқушы қамтылып 2017 жылдын 12 қазанында сынып сағаттарын ұйымдастырылды. Акция барысында оқушыларға ішек жұқпаларын алдын алу тақырыбында дәріс оқылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу болып табылады. 1-4 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер «жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларға қолды жуу гигиенасы жайлы толық мағлұмат беріп тәжірибеде көтсетті.



Ал 5-6 сынып оқушылары арасында « ішек жұқпаларының алдын алу бойынша санитариялық – эпидемия» тақырыбында пікір алмасу жұмыстары жүргізілді және оқушыларға қолды жуу гигиенасы жайлы толық мағлұмат беріп тәжірибеде көтсетті.



Латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету аясында жүргізілген іс-шара «Латын әліпбиімен танысу» тақырыбында 13қазан күні мектепте мұғалімдер отырысынан бастау алды. Бас қосу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бейсенбаеваның «Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғыру талабы» тақырыбындағы баяндамасымен басталды.


Мектепте 18-20 қазан күні аралығында « Алтын күз-2018» атты күз мезгілінің қыр – сырын бейнелейтін мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Сыныптарға алдын ала жеребе бойынша алынған жемістің презентация мақсаты оқушыларкүзгі жемістердің денсаулыққа пайдасы мен маңызын түсіндіру болып табылады.
18қазан күні түстен кейінгі сағат 15-деМАД топтары мен 1 сынып тарында « Алтын күз-2018» атты тақырыптағы сайыста екі топтың да оқушылары өз өнерлері мен қолөнерлерін ортаға салды.

Кішкентай бүлдіршіндерге Күз мезгілі де өз тілегін білдірді:



МАД-ғы екі топ оқушыларының өнер көрсету сәтінен көрініс:

МАД тобының ата-аналары да өнерлерімен бөлісті. Оқушыларға жақсы көңіл күйкөңікүй сыйлады.



Оқушылырды марапаттау сәті:

19 қазан күні сағат 10-00-де 2-4 сыныптар аралығында аталмыш тақырыпта мектепішілік сайыс болып өтті. Барлық сынып оқушылары бөлінген жеміс немесе дәнді-дақылдың кейпіне еніп келді.
2 «а» сыныбы- күнбағыс-жетекшісі-Шағатаева Гүлнұр апай.
2 «ә» сыныбы- жүзім-жетекшісі- Анарбекова Қаракөз апай.
3 «а» сыныбы- шие-жетекшісі- Қуандықова Айгүл апай.
3 «ә» сыныбы- саңырауқұлақтар- жетекшісі-Шалғынбекова Амантай апай.
4 «а» сыныбы- жапырақтар – жетекшісі-Төлжанова Зоя апай
4 «ә»сыныбы –алмұрт – жетекшісі- Иманалиева Роза
Бастауыш сынып оқушыларының «таныстыру» сәті:



Бастауыш сынып оқушылары өз таныстырылымдарынан кейін өз өнерлерінртаға салды. Әр сынып оқушыларының өзіндік өнерлері бағаланып жатты.


Бастауыш сынып оқушыларының «Күздік кәде сыйлары» да тамаша жасалынған жасалынған дүние болып саналады. Әртүрлі мультсериал кейіпкерлерін бейнелеген икэбанолар көздің жауын алардай болды.



Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
1 «а»сыныбы-қарбыз-жетекшісі- бас жүлде;
1 «ә» сыныбы-күнбағыс- жетекшісі- ІІІ орын;
2 «а» сыныбы- жүгері-жетекшісі-І орын;
2 «ә» сыныбы- шие-жетекшісі- ІІІ орын;
3 «а» сыныбы- бидай- жетекшісі- І орын;
3 «ә» сыныбы- қияр- жетекшісі- ІІ орын;
4 «а» сыныбы- алма- жетекшісі- «Өнерлі сынып» номинациясы;
4 «ә» сыныбы- қызанақ- жетекшісі- ІІ орын.


19қазан күні 5-7 сыныптар аралығында «Алтын күз-2018» тақырында мектепішілік сайыс болып өтті.Әр сынып әр түрлі жеміс пен дәнді дақылдың кейпіне еніп келді:
5 «а»сыныбы-қияр –-жетекшісі- Дүйсенбек Рауан
5 «ә» сыныбы-қарбыз - жетекшісі- Оразтаева Фарида
6 «а» сыныбы- шие -жетекшісі- Мәдіханова Гүлшат апай.
6 «ә» сыныбы- алма-жетекшісі- Елжанова Мейрамкүл апай.
7 «а» сыныбы- қызанақ- жетекшісі- Айтақынова Гүлбақыт апай.
7 «ә» сыныбы- күнбағыс- жетекшісі- Шалғынбай Айгерім апай
Әр сынып оқушылары «таныстыруда» бірі әнмен, бірі жырмен, енді бірі өздеріне бөлінген жеміс немесе дәнді-дақыл жайында мағлұмат беру арқылы таныстырды.



Әр сынып оқушылар өз өнерлерін көрсетуде бір сынып оқушылары ән айтса, бір сынып сынып оқушылары биледі, ал енді бірі – 6 «а» сыныбы- қөрініс қойды:





Оқушылардың сән үлгісін көрсету сәті:



Сайыстың «Кім тапқыр?» бөлімінде оқушылар өз білімдерін сынап көрді. Оқушылардың арасында 7 «ә» сынып оқушысы Жомарт Дамир барлық сұқраққа жауап беріп, көзге түсті.

Сайыс қорытындысы әділ қазылардың шешімімен мынадай болды:
7 «а» сыныбы- бас жүлде;
7«ә» сыныбы- І орын;
6 «ә» сыныбы- І орын;
6 «а» сыныбы- ІІ орын;
5 «а» сыныбы-ІІІ орын;
5 «ә» сыныбы- ІІІ орын;
Оқушыларды марапаттау сәті:





20 қазан күні сағат 10-00 -де 8-10 сыныптар аралығында аталмыш тақырыпта мектепішілік сайыс болып өтті. Әр сыныптан ханшайым мен ханзада шықты.


Әр сыныптан шыққан оқушылар өз өнерлерін көрсетуде алдарына жан салмады. Таныстыруын көрініспен келтіріп, өз сыныптарын жетекшілерін өте жақсы таныстыра білді. Бірі әнімен, бірі мыңбұралғабиімен көрерменді баурап алды:



Сайыстың «Кім тапқыр?» бөлімінде оқушылар сұрақтарды әділ қазылардан ала отырып, ұтымды жауап берді.Оқушылардың сұрақтарға жауап беру сәті













Әр сынып оқушыларының «Күзге тартуы» да жақсы шыққан.

Сайыс нәтижесі әділ қазылардың шешімімен мынадай болып жарияланды:
8 «ә» сыныбы- бас жүлде;
10 «ә» сыныбы- І орын;
9 «а» сыныбы- ІІ орын;
8«а» сыныбы- ІІІ орын;
10 «а» сыныбы- ІІІ орын;
Оқушыларды марапаттау сәті:

24 қазан күні 6 – 11 сынып қыздарының «Инабат» қыздар ұйымының «Қазақтың қыз бала тәрбиесі» тақырыпта баяндама оқылды. Жетекшісі Зікірбаева Бибігүл қазақтардың ежелден қыз бала тәрбиесіне тиянақты мән бергенін айтып өтті.

25 қазан күні 6 – 11 сынып ұлдарының «Мұрагер» ұлдар ұйымының «Ер бала тәрбиесінің негізгі қағидалары» тақырыпта баяндама оқылды. Жетекшісі Шатаев Серікбол ер балаларға тән қасиеттердің қаншалықты маңызды, және әрбір ер баланың болашақ азамат, ел патриоты екенін ата айтты.



Директордың тәрбие ісіжөніндегі орынбасары: Иргебаева Қ