Туған елге тағзым » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2018

Туған елге тағзым

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен,
Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінде
«Рухани жаңғыруға» байланысты жүргізілген іс-шара жайында
хабарлама

Қазақ «Туған жерге туыңды тiк» деп бекер айтпаған.Патриоттық сезім кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталады. Сол себептi Елбасы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр.
Адам баласы – шексiз зерденiң ғана емес, ғажайып сезiмнiң иесi. Туған жер – әркiмнiң шыр етiп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиеттi мекенi, талай жанның өмiр-бақи тұратын өлкесi. Оны қайда жүрсе де жүрегiнiң түбiнде әлдилеп өтпейтiн жан баласы болмайды.
Туған жердiң әрбiр сайы мен қырқасы, тауы мен өзенi тарихтан сыр шертедi.Осы тақырып аясында мектепте 28 ақпан күні 9-11сынып оқушылары арасында Г.Бейсенбаева мен А.Шалғынбайдың ұйымдастыруымен «Туған елге тағзым» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында туған елінің тарихынан сыр шертетін «Үздік тарихшы» атты тақырыпта мектепішілік сайыс болып өтті. Сайысқа қатысқан оқушылар тарихтан өз білімдерін көрсете отырып, жақсы нәтиже көрсетті. Сайыс соңында оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.


Сонымен қатар акция барысында «Өлке батырлары- ел мақтанышы» атты тақырыпта оқушылардың ардагерлер жайында ізденіс жұмыстары жүргізілді.Оқушылар ардагерлердің ерліктерінен тың мәліметтер бере отырып, әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Жобаға қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, еңбектері бағаланып жатты.










Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бейсенбаева Г.