Мектеп жүмысы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2017

Мектеп жүмысы

Өскелең елдің айбынды болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылыми-техникалық әлеуетін арттырып, ілім-білімнің басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу – инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан да біздің билік білім беру саласына мән беріп, білім берудің жаңа реформасын енгізді. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Айқын мақсатты жүзеге асыру үшін ҰБТ-ның қолданыстағы форматы жетілдірілді. Осы бағытта 2016-2017 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өткізіледі. ҰБТ рәсімін мектепте қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орнында түсу емтихандарына бөлу, одан әрі оқуға деген қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгергендігін, сондай-ақ базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) айқындауға бағытталған тесттерді пайдалануды кеңейту екені нақтыланды.

Қазіргі жан-жақты дамыған саналықоғам-білім мен біліктіліктің, бәсекенің өркениетті қоғамы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»,- деп білім саласындағы қызметкерлерге салмақты да жауапты міндеттер жүктеп отыр. Еліміз әлемдік қоғамдастық пен дамыған экономикаға қадам басқан жағдайда оған ие болар бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру –бүгінгі ұстаздардың мақсаттарының бірі.

2016-2017 оқу жылындажаратылыстану-математика бағыты бойынша 11 сынып оқушыларының саны - 8. Қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша оқушылардың саны - 8. Қазақ тілінен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Актаева Эльмира І санатты және Өскенбаева Меруерт ІІ санатты, орыс тілінен орыс тілі пәнінің пәнінің мұғалімі Дабылтаева Г. І санатты, тарихтан тарих пәнінің мұғалімі А.Исаев І санатты, математикадан математика пәнінің мұғалімі Қамбарова Толқын І санатты, биология пәнінен М.Аудан санатсыз, физика пәнінен Қ. Дулатбек санатсыз сабақтар жүргізеді. Оқу жылының басынан пән мұғалімдері Ұбт-ке дайындық жұмыс жоспарларын бекіттіріп, жоспар бойынша жұмыс жасады.

Ай сайын мектеп әкімшілігінің, ата-аналардың, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерінің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, жан-жақты әдістемелік жұмыстар жүргізіліп отырды. Оқушылар топтарға бөлініп, барлық пән мұғалімдері жұмылдырылып, түстен кейінгі уақытта қосымша сабақтар жүргізілді.