2017 жылғы мерекелік іс шаралар » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017 жылғы мерекелік іс шаралар
13
сентябрь
2017

2017 жылғы мерекелік іс шаралар

 Патриоттық  және азаматтық  құқықтық тәрбие .

Міндеті:Еліміздің тарихи құндылықтарын бағалау қабілеттерін арттыру. Отанды қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру.

Нәтижесінде : Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін ат салысады, құқықтық сана мен құқықтық  мәдениет қалыптасады. «Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Архар шағын жинақталған  бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Тәуелсіздіктің  25  жылдығына орай  «Тұғырлы Тәуелсіздікке - 25 жыл »атты  іс – шара  жоспары  құрылған. 15 қараша күні жиынның  салтанатты ашылуы өткізілді.Тәуелсіздіктің қарсаңында мектеп талапқа сай безендірілді.

                                         

 Ай бойы «Ең үздік сынып» атты сыныптар сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың сабақтан қалмауын қадағалау, көгалдандыру жұмысын бақылау. Сонымен қоса, «Күнделікте күнде -5» атты   байқауы ұйымдастырылған. Екі байқауға да арнайы комиссия құрылған. Оқушылардың тәртіптерін, сынып тазалықтарын әрі күнделікті сабақтан алған бағаларын бақылап, нәтижесін шығарып отырады. Сонымен қатар, оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында 17 қараша күні «Менің елім Қазақстан!» атты қабырға газеттері шығарылды.

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай 23 қараша күні сағат 9.00 мен 12.00 аралығында 7-11 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы өткізілді. Байқау жоспары жасалып, шығарманы бағалау мақсатында комиссия құрылды.Байқауға барлығы 26 оқушы қатысты. Оқушылар шығарма жанрын қалаулары бойынша таңдады, яғни шығарма, эссе, өлең жазу жұмыстарын орындады. Осы оқушылардың ішінен «Тәуелсіздік-ежелден ел тілегі» тақырыбында жазған 8-сынып оқушысы Ғаниқызы Аружанның жұмысы үздік деп танылып, ауданға ұсынылды.

Шағатаева Гүлнұр өзі жетекішілік ететін 4 «А» сыныбында«Тәуелсіздікке -25 жыл»тақырыбында ашық сыныпсағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін ояту ,өз Отанының адал ұл - қызы болып өсугетәрбиелеу. Тәрбие сағаты жоғары дәрежеде болып өтті.


30 қараша күні «Менің алғашқы – Президентім» аттыбуклеттер көрмесі ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай мектепте кітапханашыЖұмағұлова Роза мен 8 «А» сыныбының ұйымдастыруымен «Әлем таныған тұлға» тақырыбынды 1-11 сыныптар аралығында

Описание: C:UsersuserDesktopНовая папка20161129_173949.jpg 


 

 

 

 

 

 

 

Тарих пән мұғалімдерінің және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 21-ші қараша күні «Құқығыңды білесің бе?» атты дөңгелекүстелде 9-11 сынып оқушылары бас қосып,көкейде жүрген біраз сұрақтарға жауап іздесті.

Сондай-ақ 8-11 сынып ата-аналарымен қылмыстың алдын алу заң бұзушылықты мүлде болдырмау және ата-ана жауапкершілігін күшейту,рейдтік шараларды көбейту мақсатында жиналыс болып өтті.

Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Мен өмірді таңдаймын» атты пікіралмасу өтіп,оқушыларжақсы әсерде тарқасты.Сонымен қатар «Инабат» қыздар және «Мұрагер» ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен «Мен және менің қызығушылығым» атты диспут болып өтті.

Іс-шарамызды «ХХІ ғасыр-есірткісіз ғасыр» атты сурет көрмесі жалғастырды,бұл көрмеге 1-8 сынып оқушылары ат салысты.

5-11 сыныптарда «Жас өспірім және қылмыс» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Дара тұлға Қонаевтың туған күніне орай,оқушыларды патриоттыққа, адамгершілікке баулу мақсатында : мектепте метеп кітапханашысы«Тұғыры биік дара тұлға» атты көрме ұйымдастырды.

Көрме соңында 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасты .Оқушылар өз бойларына Қонаев жайлымаңызды ойлар мен батылдық қасиеттеріне тәнті болып қайтты.

Оқу жылының басында 2016-2017 оқу жылына арналған мектепішілік ерікті «Адал ұрпақ» клубының жоспары құрылып,жұмыстар атқарды. Мақсаты: «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын» іске асыру және де оқушылар арасында түрлі іс –шаралар жүргізу. Жоспарда көрсетілгендейқазан айында «Адал ұрпақ» клубы секциясы қызметін ұйымдастырылып, жұмыс жоспары бекітілді. «Адал болу адамға не үшін қажет?» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізіліп, оқушылар адаалдық асыл қсиет адамдардың бір-біріне деген ниеттері жақсы болуы керек деген пікір айтты. 5-8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» деген тақырыпта сыныптан тыс шара өткізілді. Өту барысында: адал болу үшін адам қандай болу керектігін сызбаға түсіріп,дәлелдеді.Сонымен бірге адал қасиеттерді насихаттап, қойылымдар қойды. Описание: C:UsersuserDesktopКарлыгашКеректі суреттерК20161126_101849.jpg

«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтыңсалдары тақырыбында 9-11 сыныптар арасында да сынып сағаттары өткізілді. Описание: C:UsersuserDesktopКарлыгашжин фотолар20170209_093230.jpg

Қараша айында мектеп кітапханашысы Жұмағұлова Роза «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылып , жаңартылып отырды


«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты ата-аналар жиналысы болып өтті.

Тарих пәнінің мұғалімі А Шалғынбай «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет» атты 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілсе, ақпан айында «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілермен кездесулер ұйымдастырылды.

 

 

9 мамыр Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Қарой ауылынан шыққан батырларды еске алу мақсатында мектеп оқушылары таңертеңгі сағат 9 –да сап түзеп парад жүргізді. Ескерткіш алаңына гүл шоқтарын қойды.

Похожие публикации:

13 сентябрь 2017 Мектеп жүмысы