ІІІ тоқсан бойынша тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ІІІ тоқсан бойынша тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі
23
март
2022

ІІІ тоқсан бойынша тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ІІІ тоқсан бойынша тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі

Оқу-тәрбие үдерісінің сапасының көтерілуде жұмыстың ұйымдастырылуы маңызды орын алады. Жаңа оқу жылының басында құрылған жоспар бойынша. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Қысқы демалыс кезінде елімізде болып жатқан төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты қысқы демалыс уақыты 10-14 қаңтар аралығында ұзартылып, ІІІ тоқсан сабағы 17 қаңтардан басталды.
17 қаңтар күні мектеп кітапханашысы Р. Жұмағұлова оқушыларға ғасыр перзенті әрі қоғам, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың туылғанына 110 жыл толуына орай өмірі мен қызмет жылдарынан, халық үшін жасаған игі жұмыстары жайында толық мағлұмат беріп өтті.
Д.А.Қонаевтың туған күніне 110 жыл толуына орай сыныптарда тәрбие сағаттары болып өтті. Оқушылар өз халқы үшін туған дара тұлғаның өмірі мен қызмет жолдары жайындағы білімдерін толықтыра түсті.
Осыған орай мектепте 9 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен дара туған тұлға Д.А.Қонаевтың туған күніне орай «Ғасыр перзенті» атты тақырыпта тәрбие сағаты болып өтті.




19 қаңтар күні «Жалын» дебаттық клубының мүшелерінің қатысуымен «БАҚ мемлекеттің қатаң бақылауында болуы керек » атты тақырыпта ашық ой алаңы өткізілді.


20 қаңтар күні «Адал ұрпақ» ұйымының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта сурет байқауы өткізілді.



24 қаңтар күні «Жалын» дебаттық клубының мүшелерінің қатысуымен «Балалардың мектептегі құқығы» атты тақырыпта ашық ой алаңы өткізілді.


25 қаңтар күні «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты тақырыпта бастауыш сынып оқушыларына қауіпсіз жол қозғалысы ережелері туралы түсіндірме тәрбие сағаттар жүргізілді.


26 қаңтар күні «Жалын» дебаттық клубының мүшелерінің қатысуымен «Білім алу – ол әрбір азаматтың құқығы ма әлде ақылы қызметпе?» атты тақырыпта ашық ой алаңы өткізілді.


26 қаңтар күні «Ерте жүктіліктің алдын алу», «бопсалау», «зорлық – зомбылық», «балалардың құқықтарын түсіндіру» мақсатында аудандық білім бөлімі, жастар саясаты, аудандық жасөспірімдер полициясы, аудандық аураухана және аудандік әкімшілік мүшелерінің қатысуымен 7 – 11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.


27 қаңтар күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде «Кітап – рухани қазына» атты тақырыпта жас оқырмандар апталығы өткізіліп, мектеп кітапханасына саяхат жасалынып жаңа оқулықтармен таныстырылды.




28 қаңтар күні «Жалын» дебаттық клубының мүшелерінің қатысуымен «Орта мектеп оқушыларды шынайы өмірге дайындайды» атты тақырыпта ашық ой алаңы өткізілді.



1 ақпан күні «Жалын» дебаттық клубының мүшелерінің қатысуымен «Пандемия кезінде Қазақстан азаматтарын вакцинациялау орынды ма?» атты тақырыпта ашық ой алаңы өткізіліп байқау барысында 9 сынып оқушылары Жомарт Айда мен Аманбай Зейнеп аудандық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турниріне жолдама алды.
.


2 ақпан күні техология пәнінің мұғалімі Қасымова Эльвираның ұйымдастыруымен «Өнер жас талғамайды» атты тақырыпта сыныптан тыс шара өткізіліп қыздар белсенділік танытты.


3 ақпан күні аудандық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турнирі өткізіліп мектебіміздің «Жалын» дебаттық клубының мүшелері 9 сынып оқушылары Жомарт Айда мен Аманбай Зейнеп қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.


7 ақпан күні «Менің оқитын дастан» атты тақырыпта жас оқырмандар апталығы өткізілді.


8 ақпан күні «Ғасыр перзенті, бір туар қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туылғанына 110 жыл толуына орай» ауданға қарасты мектеп президенттері арасында «Үздік мектеп президенті – 2022» байқауы ұйымдасырылып, мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жомарт Дамир «Бас жүлдемен» марапатталды.


9 ақпан күні дене тәрбиесі пәні мұғалімі Құлжахметов Дулаттың ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен» атты тақырыпта 3-4 сынып оқушыларының ата – аналарымен отбасылық сайыс ұйымдастырып, сайыс барысында 3 «а» сыныбы І орынмен, 4 «а» сыныбы ІІ орынмен және 4 «ә» сыныбы ІІІ орынмен марапатталды.






9 ақпан ақиық ақын «Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл» толуына орай мектебімізде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бастамасынмен Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымдарының қатысуымен өлеңдер шеруі өткізілді..


9 ақпан күні «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты тақырыпта 7 сыныпта ашық тәрбие сағаты болып қтті.Тәрбие сағаты барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығын айта отырып өлеңдерін орындады.



10 ақпан күні «Отанды сүй – өзіңді сүй» атты республикалық өзін – өзі тану апталығы аясында 22 сынып ашық тәрбие сағатын өткізіп белсенділік танытты.









11 ақпан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғабдол Мирастың ұйымдастыруымен «шынықсаң шымыр боласың» атты тақырыпта спорттық жарыс өткізілді.



15 ақпан күні «Ауған соғысының жаңғырығы» атты тақырыпта 10 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.


21 ақпан күні «Қызықты мамандықтар» атты тақырыпта 10 «а» сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар қызықты мамандықтармен танысып жарнама жасады.



22 наурыз күні «Ата – ана, мұғалім және бала» үштік одақ жобасы аясында коучинг өткізілді. Коучинг барысында қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі «Мұғалім, ата – ана және бала» тәрбиесі арасындағы қиындықтардың алдын алу жолдары қаралып, ата – аналар тарапынан оң көзқарастар айтылып жатты.





1 наурыз «Азаматтық қорғаныс күніне» орай мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қасабеков Қайыркен ағай мен «Жас құтқарушылар» ұйымының ұйымдастыруымен мектеп ұжымы мен оқушыларына қауіпті жағдайларда, соғыс алаңында, қауіп қатерден, зіл заладан қорғану түрлері мен алғашқы көмек көрсету жолдары туралы ашық тәрбие сағатын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.









1 наурыз алғыс айту күні. Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Осы мереке 6 «а» сынып оқушыларының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.




1 наурыз күні мектебімізде «Үздік сынып жетекші – 2022» байқауы өткізіліп сынып жетекшілер тарапынан белсенділік көрсетілді. Байқау барысында жүзден жүйрік шыққан сынып жетекшілер Дүйсенбек Рауан ІІІ орынмен, Омарова Мәншүк ІІ орынмен, Қартбаева Эльмира ІІ орынмен, Нурбекова Алматай І орынмен, Айтақынова Гүлбақыт І орынмен марапатталса, Елжанова Мейрамкүл «Бас жүлдемен» марапатталып аудандық жарысқа жолдама алды.




5 наурыз күні "Инабат» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Мен қазақтың қызымын», атты тақырыпта қыз сыны байқауы өткізілді. Байқау барысында 9 «ә» сынып оқушысы Асылхан Айжан «Бас жүлдемен» марапатталды.







8-наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай «Аналар асыл жандар ...» тақырыбында іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. Оқушылар ұстаз аналарға, қыздарға арналған өлең шумақтар, суреттер, ашық хаттар арнады жәнеде «Қызғалдақтай құлпырған қыздар», «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған»атты тақырыбтарда 1-11 сынып оқушылары арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сондай-ақ мектептің кіре беріс дәлізіне мерекелік ахуал туғызу мақсатында шар, ленталармен безендірілді. Соңында 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қорытындыланып, мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.




15 наурыз күні «24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күресу» күні аясында мектебімізде «Спорт денсаулық кепілі» атты тақырыпта бастауыш сыныптармен іс шара өткізілді.


22 – наурыз «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлының 02.03.2021 ж № 21-70-11.11-2 қарасты бұйрығын басшылыққа ала отырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, азаматтық қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуды, отбасы құндылықтарын, экологиялық мәдениет пен қайырымдылықты насихаттау мерекесі ретінде өткізу ұсынылып, «Құт берекем – Наурызым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында 1-11сынып оқушылары мен МАД тобының тәрбиеленушілері қатыстырылды. «Наурыз мерекесін насихаттау, салт – дәстүрімізді дәріптеумен тең»- демекші мектебімізде 14 – 18 наурыз аралығында бірнеше іс шаралар жүргізілуде.

. =
Атап айтсақ мектепішілік 1-11 сынып оқушыларының «Ұлттық киімді ұлықтау» апталығы, «Бақ дарытар құт Наурыз» атты қабырға газеттер, «Әр отбасынан бір ағаш» және «Тазалық» әр оқушы өз ауласына ағаш отырғызу, технология пәнінің мұғалімдері Қасымова Эльвира мен Мамырбай Назеркенің ұйымдастыруымен «Ұлттық дәстүр» көрмесі, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Құлжахметов Дулаттың ұйымдастыруымен «Қол күрес», «Тоғыз құмалақ» жарысы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қартбаева Эльмираның ұймдастыруымен «Наурыз тойы» атты эссе жұмысы жазылса Нурова Анияр, Айтақынова Гүлбақыт және Актаева Эльмираның ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында «Алтын қақпа» интелектуалдық ойыны жүргізілді. Сонымен қарат мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың наурыз бағдарламасы аясындағы «наурыз қоржын» ұлттық нақыштағы ойыншықтарды дәріптей отырып балаларға қуаныш сыйлау барысында мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері Исаев Қайсар, Мамырбаева Назерке және Қасымова Эльвира демеушілік етті. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім, жетім балаларға және инклюзив балаларға ауыл азаматтары Жүнісбеков Жәнібек, Жумагелдиев Асхат , Баймолдин Берікбол және мектеп мұғалімдері Оразтаева Фарида мен Шылгаубаева Алия демеушілік көрсетті. 19 наурыз күні «Құт берекем – Наурызым» атты мерекелік шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, ұлттық қазақ ертегісі кейіпкерлерінің көріністерін сомдап, Наурыз мерекесін жоғары деңгейде қарсы алды.



















Сонымен қатар, Наурыз мейрамына жоспарланған іс-шаралар еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай