«Балалар түнгі ауылда» рейд қорытындысына хабарлама » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар түнгі ауылда» рейд қорытындысына хабарлама
23
март
2022

«Балалар түнгі ауылда» рейд қорытындысына хабарлама

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Балалар түнгі ауылда» рейд қорытындысына хабарлама

2021 – 2022 оқу жылында «Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде мұғалімдерден құралған кесте бойынша түнгі кезекшілік күнде жүргізіліп отыр.
Түнгі кезекшіліктің мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, жасөспірімдер мен балалардың беймезгіл көшеде жүрмеуін қадағалау. Сонымен қатар оқу жылы басында ата-аналармен, кешкі сағат 21.00- ден кейін қоғамдық орындарда балалардың жүруіне қатаң тыйым салынатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Соған байланысты мектеп қабырғасында және басқа да мәдени орындарда өткізілген іс-шаралар кешкі сағат 17.00-ден кешіктірілмей өтуде.
Сондай-ақ оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте түрлі үйірме жұмыстары, спорт секциялары жүргізіліп, оқушылар қоғамдық жұмыстарға тартылып отыр.
Түнгі кезекшілік кезінде орынсыз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтар кездескен жоқ. Әр кезекшілік арнайы мөр басып, бекітілген журналға тіркеледі.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай