Қауіпсіз интернет » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз интернет
10
май
2018

Қауіпсіз интернет

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен,
Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық науқаны барысында өткізілген шаралар туралы хабарлама
Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелеріне халықтың назарын аудару бөлімі бойынша оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ата-ана жауапкершілігін насихаттау бөлімі бойынша 5-11 сынып ата-аналар комитеті және сынып жетекшілерімен бірлескен жиналыс өткізілді. Жиналыс тақырыбы «Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» . Тақырыпқа байланысты слайд көрсетілді.Сонымен қатар әлеуметтік желідегі балалар өміріне қауіп төндіретін ойындар туралы түсіндірме –әңгіме жүргізілді.

«Адамгершілік айналайыннан басталады» атты тренинг ұйымдастырылды.


9 «А,Ә» сынып оқушылары арасында «Өмір –қымбат сый» тақырыбына эссе жазып, позитивті көзқарастағы эсселер марапатталды және осы тақырыпта балалар постер қорғады. Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын анықтау.


10 «А,Ә» сынып оқушылары арасында «Мен кіммін?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушының өзін-өзі бағалауы.Сонымен қатар 11 сынып оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» атты тренинг ұйымдастырылып, « Стресске қарсы 10 амал мен ереже» атты естеліктер таратылды.
Денсаулықтарына зиян келтіретін, кері әсерін тигізетін әлеуметтік желінің ықпалына ұшыраған балаларға көмек көрсетудің тиімділігін көтеру және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар жиналысы ашылып, әлеуметтік желілердегі ойындардың бала психикасына әсері туралы ойлар ортаға салынды. «Красная сова» ойыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Ата-аналарға кеңес» естелігі таратылды.


Сонымен қатар «Интернет орнына кітап» атты тақырыпта біркүндік акция ұйымдастырылды. Оқушылар көркем кітап оқу арқылы қазақ халқының көркем де сұлу әлеміне саяхат жасады.






Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бейсенбаева Г.