1-ші жартыжылдық бойынша қайырымдылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-ші жартыжылдық бойынша қайырымдылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
14
март
2018

1-ші жартыжылдық бойынша қайырымдылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен,
Архар шағын жинақталған бастауыш мекетебімен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінде
1-ші жартыжылдық бойынша қайырымдылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен,
Архар шағын жинақталған бастауыш мекетебімен»мемлекеттік коммуналдық мекемесінде аудандық білім бөлімінің 1 тамыз 2017 жылғы №127 бұйрығы негізінде мектепке жол қайырымдылық акциясына арнайы бұйрық шығарылып, акцияға арнайы жоспар құрылып, комиссия мүшелеріне 5 адам тағайындалды.Олар: қамқоршылық кеңестің төрағасы- Абдыкеров Мәулен, кәсіподақ төрайымы- Қамбарова Толқын Сұлтанғазықызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Бейсенбаева Гүлзат Беристемовна, ата-аналар комитетінің төрайымы- Өмірбекова Гүлбақыт , ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі- Жолдыбаев Ақан.
«Мектепке жол » қайырымдылық акциясы аясында 51оқушыға көмек көрсету туралы мектеп әкімшілігіне хабарланып отырды.2008 жылдан бастау алған қайырымдылық акциясы ауылымызда дәстүрге айналған. Бұл шараның негізгі мақсаты- жетім, аз қамтылған және көпбалалы жағдайы төмен отбасы балаларына мектепке баруына қолдау көрсету.«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» -деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық –халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа –жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске араласу әрбір адамның азаматтық парызы.
Акция аясында жеке кәсіпкер Болатова Жазира, Байжігітова Теміртай, Жүнісбеков Жәнібек, «Қарой» ауылдық округінің ұжымы, «Қарой» ауылдық аураханасы және мектеп мұғалімдері оқушыларымызға мектеп формасы, куртка, аяқ киім, оқу-құралдарымен демеушілік көмек көрсетті.
Жалпы соммасы 51 оқушыға 711 мың теңгеге аяқ киім, мектеп формасы, алынып берілді.







Мектеп директоры: Дәрібай И.