жалпы ата-аналар арасында «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында мектепішілік жиналысы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » жалпы ата-аналар арасында «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында мектепішілік жиналысы
23
март
2022

жалпы ата-аналар арасында «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында мектепішілік жиналысы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткізілетін жалпы ата-аналар арасында «Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі білім кепілі» тақырыбында мектепішілік жиналысының хаттамасы № 1

Болатын уақыты: 5.09.2021ж
Қатысқандары– 180

Күн тәртібінде:
1.Ата-аналар комитетінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыс есебі. ата –аналар комитетінің төрайымы Р.Малдыбекова
2.Ата-аналар комитетін қайта сайлау, жаңа оқу жылына жоспар бекіту. ДТІЖО А.Шалғынбай
3.«Мектепке барар жол» акциясын өткізу әлеуметтік педагог А.Жамшигулова
4. Мектеп ережесі. Мектеп инспекторы Қ.Қасабеков
Бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыс есебі. ата –аналар комитетінің төрайымы Г.Өмірбек сөз алып өз сөзінде: 10 қыркүйек күні жаңа оқу жылын бастар алдында 2020-2021 оқу жылында мектеп әкімшілігімен атқарылған іс – шараларға ата – аналар комитетінің төрайымы Өмірбекова Гүлбақыт атқарған жұмыстырының талдау есебін таныстырды. Мектебімізде 2021 – 2022 оқу жылында ата - аналар комитетінің төрайымы болып Малдыбекова Рауан сайланып, жаңа оқу жылына жоспар құрылып бекітілді. Баланың тәрбиесіне ата – ананың жауапкершілігі мол болғандықтан балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу іс – шараларында бірлесе жұмыс жасауға қолдау көрсетті. Осы арада мектептің инспекторы Қасабеков Қайыркен мектеп директорының №102 а бұйрығына сәйкес мектеп оқушыларына арналған мектеп ережесі бұйрығымен таныстырды. Яғни мектепте құрылған ережеге сәйкес мектеп оқушыларының бет бейнесімен тәрбтібіне ата – аналар тарапынан көбірек бақылау мен көмек берулерін сұрады.т.б.
Екінші мәселедеде мектепішілік ата – аналар комитетінің төрайымы ретінде Р.Малдыбекова сайланды.
Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Жамшигулова Айгерім өз сөзінде: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, өкіміне сәйкес «Балқаш аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 2 тамыздағы «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы № 108 – н бұйрығын орындау мақсатында мектебімізде «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Үлгілі » орта мектебінде 5 шілде – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол акциясы» өткізілуде . Акция мақсаты : ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған , жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасы балаларына демеушілікпен көмек қолын созу, оқуға тартылмай қалған балаларды мектепке тартуға жұмыс жасау.
Акция жайлы көшеге стент ілініп , түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерді акцияға тарту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілді. Сонымен қатар балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармай қалудың алдын алу үшін 14 мөлтек аудан мұғалімдері алыс - жақын 10 шаруа қожалықтарын және 80 ауыл үйлерін аралап рейд жұмыстарын жүргізуді бастап, шаралар жүргізілді. Рейд нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепке тартылмай қалған оқушылардың жоқтығы анықталды.

Қаулы:
1. 2020- 2021 оқу жылының қорытындысы қанағаттарлық деп бағалансын.
2. Оқушыларда саналы тәрбие мен сапалы білім болу үшін мектеп және ата-ана арасында тығыз байланыс орнатылсын. Ата –аналар комитетінің жаңа құрамы бекітілсін.
3. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп, баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде жүргізілсін.




Ата –аналар комитетінің төрайымы: Р.Малдыбекова