ата – анлармен жүргізілген жиналыс » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ата – анлармен жүргізілген жиналыс
23
март
2022

ата – анлармен жүргізілген жиналыс

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ата – анлармен жүргізілген жиналыс
Х А Т Т А М А №3
5 қазан 2021 жыл
Жиналыс төрағасы: И.Дәрібай
Хатшы: Р.Малдыбаева
1-11-сынып оқушылары ата-аналарының жалпы жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. Мектептің ішкі ережесімен таныстыру.
2. Смартфонды пайдалануға тыйым салу туралы

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының И.Дәрібайдың хабарламасы

Мектептің ішкі ережесімен таныстыра келе ата –аналарға мектептің жарғысында бекітілген мектеп формасын сақтауға міндетті екендігі, мектеп аумағында ата-аналарға шылым шегуге болмайтындығы, мектеп мүлкіне зақым келтірген оқушы жауапқа тартылып, мектеп мүлкін оқушының ата-анасы қалпына келтіру міндетті екендігі, сабақ уақытында ата - аналар тарапынан бөгет келтіруге тыйым салынатындығы, мектепке ата-аналардың ішімдік ішкен жағдайда келуіне болмайтындығы, ата - ана баласының мектепке келуін қамтамасыз етуге, оларды оқу құралдарымен жабдықтауға, ата – аналар жиналысына қатысуға, мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысуға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ата – аналар тарапынан тікелей қолдау көрсетілетіндігі жөнінде айтты.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шалғынбайдың хабарламасы.
Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда оқушылардың мектепке смартфондарды әкелмеу, қолданбау туралы ішкі тәртіп ережесіне сәйкес әрбір ата-ана осы айтылған ережелерді бұлжытпай орындау керектігі айтылды. Мектептен тыс уақытта да баланың ұялы телефонды қолданған кезінде интернет желілеріндегі қандай ақпараттармен шұғылданып отырғандығын білу керектігі баса айтылды.



Сол себепті ата-аналар 2021 – 2022 оқу жылында мектеп тәртібіне бағына отырып. сабақ уақытында мектеп ішіне ұялы телефонды алып келмейтіндігі жөнінде сынып жетекшісі мен бірлесе отырып акт жасалатындығын хабарлады.

Шығып сөйлеушілер:
Айтақынова Гүлбақыт –ата-ана
Жоғарыда айтылған мектеп ережесімен толық танысқандығын, оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелуіне үзілді-кесілді тыйым салу керектігін, осы істе ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілуі керектігін айтты.
Зикирбаев Досан – ата-ана
Мектепте баланың толық білім алып, тәрбиелі болуына ұстаздар қауымының жасап жатқан еңбегінің өлшеусіз екендігін барлық оқушы, ата-ана мектеп ережесіне толық бағынып дұрыс азамат болып қалыптасуына жағдай жасауды дұрыс деп есептейтіндігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе жиналыс қаулы етеді:
1. Мектептің ішкі ережесіндегі көрсетілген басымдықтар назарға алынсын
2. Оқушылардың мектепте смартфон ұстауына тыйым салынсын.
3. Ата – ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күшейтілсін.


Жиналыс төрайымы: И.Дәрібай
Хатшы: Р.Малдыбекова