Бірыңғай қашықтықтан өткізілген сыныптың ата – аналар жиналысының хабарламасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірыңғай қашықтықтан өткізілген сыныптың ата – аналар жиналысының хабарламасы
22
апрель
2020

Бірыңғай қашықтықтан өткізілген сыныптың ата – аналар жиналысының хабарламасы

Балқаш аудандық білім бөліміне «Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде пандемия кезінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Бірыңғай қашықтықтан
өткізілген сыныптың ата – аналар жиналысының
хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу прцесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында мектебімізде 2.04.2020 жылы онлайн мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс 10:30 да 1 – 4 сынып ата –аналарымен, 12: 30 да 5 – 9 сынып ата – аналарымен және 14:00 де 10 – 11 сынып ата – аналарымен өткізілу жоспарланған болатын. Онлайн жиналыс барысы интернет желісінің төмендігіне байланысты телефонмен жеке хабардар ету, конференция және Whats App арқылы жүргізіліп әр сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндады. Жиналыс барысында ата – аналарға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталынатыны туралы айтып өтті. Қашықтықтан өткізілетін сабақта интернет желісінің төмендігіне байланысты сабақ телесабақтар, көргеннен кейін оқушыларға жеке жоспар негізіндегі сабақтар беріліп пән мұғалімдерінен түсінбеген сабақтарының жауаптарын және қосымша тапсырмалар сұрауға болатындығы туралы айтты. Ата – аналарға қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруға қойылатын кейбір маңызды талаптарды орындауды ұсынды. Атап айтар болсақ: жабдықталған жұмыс үстелі табиғи жарық көзінен алыс болмау, жұмыс үстелі тек қана компьютерді ғана емес, сонымен қатар перифериялық құрылғыларды, сондай – ақ қауіпсіз және тұрақты жағдайда арнайы және оқу жабдықтарын орнатуға болатын үстіңгі тақтайы бар жеке үстел т.б. оқуына қолайлы жағдай жасауына көмек жасауын айта өтті. Сынып жетекшілер қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі туралы, сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, пандемия кезінде оқушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар ете отырып, өз сөздерінде ата-ананың бала өмірі үшін, оның өмір қауіпсіздігі үшін жауапты екендігін айта отырып, ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктері туралы айтып өтті.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай