"Отбасы - бақыт мекені" апталығының хабарламасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы - бақыт мекені" апталығының хабарламасы
15
май
2019

"Отбасы - бақыт мекені" апталығының хабарламасы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың
хабарламасы

Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 13 – 16 мамыр аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. Нақтырақ айтсақ, 13 мамырда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шалғынбай Айгеріммен мектеп психологі Жандосова Ташкен «Отбасы – бақыт мекені» апталығы аясында отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер берді. Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру; Апталықтың 2 күні яғни, 14 мамыр күні педагог ұйымдастырушы Аудан Маржанмен 2 – 4 сынып жетекшілерінің атынан Иманалиева Роза мен Шағатаев Гүлнұрдың ұйымдастыруымен «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» спорттық сайыс өткізіліп, 2-4 сыныптардың ата-аналары қамтылды. Осы сайысқа әр сыныптан 1 отбасы қатысты. Мектебіміздің психологі Мадиханова Гүлшатпен 1 сынып жетекшілері Нурова Анияр мен Құрманбаева Айжанның ұйымдастыруларымен «Бірінші сыныптағылардың ата–аналарына психологиялық көмек» атты коучинг өткізді. Оған 1 – сыныптың ата – аналары мен сынып жетекшісі қатыстырылды. Аталған шараның мақсаты – педагогикалық мәдениетті көтеру, жауапкершілікті сезіну, балаға деген мұқияттылықты одан ары арттыру болатын. Сонымен қоса, апталық аясында бейнелеу пәнінің мұғалімі Исаев Қайсар мен педагог ұйымдастырушы Аудан Маржанның ұйымдастыруымен «Менің берік отбасым» тақырыбында МАД топтарына және 2 – 4 сыныптар арасында сурет көрмесі өткізілді. 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық жиналыс болып өтті. Жиналысқа қатысушылар ата – аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп әкімшілігі. Аудандық білім бөлімінің 14 мамырдағы №01-261/1005 бұйрығын басшылыққа ала отырып күн тәртібінде1. ҰБТ- ға дайындық, оқушылардың білім сапасы, 2.Мектеп бітіру кеші, 3.Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары, 4.Балалар қауіпсізігін қамтамасыз ету сынды тақырыптар қамтылды. Жиналыс барысында ата – аналар өз ойларын еркін жеткізіп, ата – аналар тарапынан мектеп әкімшілігіне өз ризалықтарын білдіріп, балалардың қауіпсіз өмір сүнуіне сіз біз десіп ынтымақтастықта жұмыс жүргізетіндіктерін айтып, хаттама толтырылды. Жиналыс тек 4 мәселемен ғана шектеліп қоймай, мектеп психологі Мадиханова Гүлшаттың «Көңіл күй», «Сіз қандай ата – анасыз?» атты тренингтерімен жалғасын тапты. Тренинг барысында ата – аналардың өз балаларына қаншалықты көңіл бөлетіндігі, балалары туралы қаншалықты ақпарат білетіндігі байқалып, ата – аналар көтеріңкі көңіл күймен отырды.






«Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз тауып айтылған. Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай