Жас полицейдің көмекшілері ұйымының 1 тоқсандық талдау есебі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас полицейдің көмекшілері ұйымының 1 тоқсандық талдау есебі
15
ноябрь
2018

Жас полицейдің көмекшілері ұйымының 1 тоқсандық талдау есебі

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Жас полиция көмекшілері» ұйымының 1 тоқсан бойынша
жүргізілген іс-шаралардың
хабарламасы

Бүгінгі күнгі жас азаматтары еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбек құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар жастар.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасында "Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс."- деп атап көрсеткен. Сондықтан біз патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттарының бірі Азаматтық-патриоттық бағытын негізге ала отырып«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде полицияның жас көмекшілер" тобына 8-10 сынып оқушылары арасынан ерікті жасөспірімдер салтанатты түрде қабылданды. Бұл іс-шараға ата-аналар жазбаша өтініші білдірді.
Мақсаты:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
- Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру;
- Заңға мойынсұнушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау;
- Ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби бағдар беру, дайындау;
- Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру;
- Түрлі жастағы баларды бірге және ашық түрде іс-әрекет жасауға үйрету.
Міндеттері:
- Балалар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуда көмек көрсету;
- Басқа да қоғамдық ұйымдармен ықпалдасу, мектептерде қолданыстағы заңнамалармен нормативтік актілерді насихаттауда еріктілер жұмысын ұйымдастыру;
- Ішкі істер органдарының техникалық құралдарымен танысу, олардың біліктілігі мен шеберлігін меңгеру.
Бұл іс-шараға мектеп директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызы мен мектептің АӘД пәні мұғалімі Қасабеков Қайыркен қатысып жасөспірімдерді құттықтап жас сарбаздарға атқарылған міндетті .
13 қыркүйекте «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты достық фестиваль өтті. Фестивальге 1-11 сынып оқушылары атсалысты.4 қазанда «Ғалымда, шахтерде бас иетін, Ұстазым бар сенің қасиетің!» атты ұстаздар мерекесіне арналған Жас Ұлан ұйым мүшелері мектеп мұғалімдеріне іс- шара ұйымдастырылып және «Қарттарымыз қазынамыз» атты тақырыпта қарттар күніне арналған мерекелік шарада ұйымдастырылды.. Мереке таңғы сағат 8 -00 –ден, кешкі 20- 00 аралығында өткізілді . Таңғы 8-00де мұғалімдерге арналған ертеңгілік жаттығу ұйымдастырылды. 8-00 мен 12-00 аралығында мектебіміздің жас мұғалімдер арасында "Намыс дода" эстафеталық сайыс өткізілсе, қарт ұстаздар арасында «Ұлағатты ұстаздар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында мұғалімдерге арналған сұрақтар мен ойындар қарастырылды. Сағат 15-00-17-00 аралығында «Ұстаздар- асыл жандар» тақырында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама жүргізілді. Сағат 17-00-20-00 аралығында мектептегі шағын орталықтың ұйымдастыруымен «Ұстазым-ұлағатым» атты мерекелік дастарқан ұйымдастырылды. 5 қазанда «Абайла балақай» атты Жас Қыран ұйымдары арасында жол жүру ережелерінің сақталуы туралы тәрбие сағаттары өтті.Мектепте 15-19қазан күні «Алтын күз-2018» атты күз мезгілінің қыр – сырын бейнелейтін мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Сыныптарға алдын ала жеребе бойынша алынған жемістің презентация мақсаты оқушылар күзгі жемістердің денсаулыққа пайдасы мен маңызын түсіндіру болып табылады. 18 қазан күні түскі сағат 15-де МАД тобында «Алтын күз - 2018» атты тақырыптағы сайыста екі топтың да оқушылары өз өнерлері мен қолөнерлерін ортаға салды.Кішкентай бүлдіршіндерге Күз мезгілі де өз тілегін білдірді:19 қазан күні сағат 10:00 -де 1-4 сыныптар аралығында аталмыш тақырыпта мектепішілік сайыс болып өтті. Барлық сынып оқушылары бөлінген жеміс немесе дәнді-дақылдың кейпіне еніп келді.19 қазан күні 5-8 сыныптар аралығында «Алтын күз - 2018» тақырыбында мектепішілік сайыс болып өтті.Әр сынып әр түрлі жеміс пен дәнді дақылдың кейпіне еніп келді: 15 – 20 қазан аралығында «Арайлы, алтын күз» атты тақырыпта сурет байқауы өтті. Байқауға 1-11 сынып оқушылары қамтылды. Сурет байқауының қорытындысы алтын күз мерекесінде өз мәресіне жетті. 6 сыныптан Төлепбай Төреген, Жомарт Айда І орынмен, 7 сынып оқушысы Алмасқызы Шапағат ІІ орынмен , 4 сынып оқушысы Әбілғали Әлішер ІІІ орындармен марапатталды.
«Сенім жәшігі» хаттарды оқу және талқылау жұмыстары барысында жас өспірімдер арасында ешқандай келеңсіз жағдайлардың орын алмағандығы анықталды. Оқушылар арасында бірлік пен татулыққың ұштасқаны айқын көрініс көрсетуде. Оған дәлел осы тоқсан бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарға бірлесе жұмыс жасауы.




Педагог ұйымдастырушы: А.Шалғынбай