"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" мектепшілік балалар мен жасөспірімдер ұйымының талдау есебі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" мектепшілік балалар мен жасөспірімдер ұйымының талдау есебі
15
ноябрь
2018

"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" мектепшілік балалар мен жасөспірімдер ұйымының талдау есебі

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде І тоқсан бойынша «Жас Қыран»,«Жас Ұлан» ұйымдарының бағытында жүргізілген жұмыстардың талдау есебі

Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру,танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Білім күні1-11 сынып оқушылары «Алғашқы қоңырау» атты мерекелік шараға қатысты.


Мерекелік шарадан соң әр сынып өз сыныптарында «Мен- өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.

5 қыркүйек күні «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» жасөспірімдер мен баллар ұйымының алғашқы отырысы болды. Отырыс барысында ұйымның тұжырымдамасы мен бала құқығы туралы конвенциямен оқушыларды таныстыр отырып, жаңа оқу жылына жаңа басшыларды тағайындау жөнінде мәселелер қаралды. Мектепшілік жас өспірімдердің қалауы бойынша 2018-2019 оқу жылындағы «Алтын белгі» иегері әрі 2015-2017 оқу жылдырында «Инабат» мектепшілік қыздар ұйымының жетекшісі, 2017-2018 оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымының «Зерде» бағытының жетекшісі болып мектепшілік қоғамдық шаралардың белсендісі Жақыпбай Балжан «Ұлан басы» болып сайланды.Сайлау барысында хаттама толтырылды.
13 қыркүйекте «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты достық фестиваль өтті. Фестивальге 1-11 сынып оқушылары атсалысты.




26 қыркүйекте «Жас Ұлан» мүшелерінің арасында «Ұстазым, ұлағатым» атты тақырыпта кезекті жиналыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды.

20қыркүйектеЕлбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасында насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру – тарихымызды таныту » (10 - 11 сынып) тақырыбында жазылған шығарма жұмысы алынды.
Осы тақырып аясында мектепішілік байқауға қатысқан оқушыларға тоқтала өтсек. 10-сынып оқушылары: Тілеубайқызы Әсел, Қуантай Жанара, Ғаниқызы Аружан
11-сынып оқушылары:Бақытжанқызы Лаура, Жақыпбай Балжан, Наятулла Айғаным, Әділ Айдана,Маратқызы Гауһар
Байқауға қатысқан оқушылар шығарманы жазуда белсендік таныта отырып, өз ойларын ортаға салды.Оқушылардың шығарма жазып отырған сәті

Оқушыларды марапаттау сәті

Шығарма жазу нәтижесінде 11-сынып оқушысы Жақыпбай Балжанның жұмысы үздік деп танылды.
4 қазанда «Ғалымда, шахтерде бас иетін, Ұстазым бар сенің қасиетің!» атты ұстаздар мерекесіне арналған Жас Ұлан ұйым мүшелері мектеп мұғалімдеріне іс- шара ұйымдастырылып және «Қарттарымыз қазынамыз» атты тақырыпта қарттар күніне арналған мерекелік шарада ұйымдастырылды.. Мереке таңғы сағат 8 -00 –ден, кешкі 20- 00 аралығында өткізілді . Таңғы 8-00де мұғалімдерге арналған ертеңгілік жаттығу ұйымдастырылды. 8-00 мен 12-00 аралығында мектебіміздің жас мұғалімдер арасында "Намыс дода" эстафеталық сайыс өткізілсе, қарт ұстаздар арасында «Ұлағатты ұстаздар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында мұғалімдерге арналған сұрақтар мен ойындар қарастырылды. Сағат 15-00-17-00 аралығында «Ұстаздар- асыл жандар» тақырында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама жүргізілді. Сағат 17-00-20-00 аралығында мектептегі шағын орталықтың ұйымдастыруымен «Ұстазым-ұлағатым» атты мерекелік дастарқан ұйымдастырылды.


Мектепте «Алматы облысында ішек жұқпаларының алдын алу бойынша санитариялық – эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» 2018ж. 05.10. №№№423-н, 481-н, 604-н бұйрығын іске асыру барысында «Таза қол» акциясы шеңберінде Үлгілі орта мектебінде, 1-6 сыныптар арасында 251 оқушы қамтылып 2018 жылдын 12 қазанында сынып сағаттарын ұйымдастырылды. Акция барысында оқушыларға ішек жұқпаларын алдын алу тақырыбында дәріс оқылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу болып табылады. 1-4 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер «жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларға қолды жуу гигиенасы жайлы толық мағлұмат беріп тәжірибеде көтсетті.



Ал 5-6 сынып оқушылары арасында « ішек жұқпаларының алдын алу бойынша санитариялық – эпидемия» тақырыбында пікір алмасу жұмыстары жүргізілді және оқушыларға қолды жуу гигиенасы жайлы толық мағлұмат беріп тәжірибеде көтсетті.
5 қазанда «Абайла балақай» атты Жас Қыран ұйымдары арасында жол жүру ережелерінің сақталуы туралы тәрбие сағаттары өтті.


9 қазан күні « Мен Мәңгілік елдің ұланымын!» атты тақырыпта директордың тәрбие орынбасары Иргебаева Карлыгаш , педагог ұйымдастырушы Шалғынбай Айгерім және «Мұрагер» ұлдар ұйымының жетекшісі Құлжахметов Дулатпен бірлесе мектеп ұлдарына көшеде кешкі уақытта ұзақ жүруге болмайтынын ескерту жұмыстары жүргізілді.

12 қазан күні«Жас ұлан» мектепішілік ұйымы оқушыларының қатысуымен «Дені саудың, жаны сау» атты тақырыпта 9-11сыныптар аралығында волейболдан жарыс өтті.Жарыс дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Т.Бұхпанбаев пен С.Шатаевтың басшылығымен жүргізілді.Жарысқа 5 команда қатысты: 2команда қыздар командасы болса, 3команда ұлдардың команда мүшелерінен құралды.Жарыс барысында әрбір команда мүшесі белсене атсалыса отырып, командасының алдан көрінуі үшін белсендік танытты.

Сайыс қорытындысы:
«Үздік ойыншы- Нұрболған Али- 10 «а» сынып оқушысы
«Үздік ойыншы- Әлим Аманғали - 11 «а» сынып оқушысы
Қыздар командасы:Іорын- 10-сынып қыздары
ІІорын-9-сынып қыздары
Ұлдар командасы: Іорын- 11-сынып ұлдары
ІІорын- 9 «а» сынып ұлдары
ІІІорын- 9 «ә» сынып ұлдары
Жеңімпаз командаларды марапаттау сәтінен көрініс

15 қазан күні «Адамгершілік – адамдықтың белгісі» тақырыбында 1-4 сынып аралықтарына сынып жетекшілері баяндама оқып берді. Сабақ барысында оқушылар осы мәселенің төңірегенде біренеше ұсыныстар, естіген білгендерін ортаға салып талқылады.

Мектепте 15-19қазан күні «Арайлы алтын күз» атты күз мезгілінің қыр – сырын бейнелейтін мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Сыныптарға алдын ала жеребе бойынша алынған жемістің презентация мақсаты оқушылар күзгі жемістердің денсаулыққа пайдасы мен маңызын түсіндіру болып табылады.
18 қазан күні түскі сағат 15-де МАД тобында «Алтын күз - 2018» атты тақырыптағы сайыста екі топтың да оқушылары өз өнерлері мен қолөнерлерін ортаға салды.Кішкентай бүлдіршіндерге Күз мезгілі де өз тілегін білдірді:

Оқушылырды марапаттау сәті:

19 қазан күні сағат 10:00 -де 1-4 сыныптар аралығында аталмыш тақырыпта мектепішілік сайыс болып өтті. Барлық сынып оқушылары бөлінген жеміс немесе дәнді-дақылдың кейпіне еніп келді.
Бастауыш сынып оқушыларының «таныстыру» сәті:

Бастауыш сынып оқушылары өз таныстырылымдарынан кейін өз өнерлерін ортаға салды. Әр сынып оқушыларының өзіндік өнерлері бағаланып жатты.

Бастауыш сынып оқушыларының «Күздік кәде сыйлары» да тамаша жасалынған дүние болып саналды.
Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
Оқушыларды марапаттау сәті:

19 қазан күні 5-8 сыныптар аралығында «Алтын күз - 2018» тақырыбында мектепішілік сайыс болып өтті.Әр сынып әр түрлі жеміс пен дәндіөдақылдың кейпіне еніп келді:Әр сынып оқушылары «таныстыруда» бірі әнмен, бірі жырмен, енді бірі өздеріне бөлінген жеміс немесе дәнді-дақыл жайында мағлұмат беру арқылы таныстырды.
Әр сынып оқушылар өз өнерлерін көрсетуде бір сынып оқушылары ән айтса, бір сынып сынып оқушылары биледі, ал енді бірі – 7 «а» сыныбы- қөрініс қойды:

Оқушылардың сән үлгісін көрсету сәті:

20 қазан күні сағат 12-де 9-11 сыныптар аралығында талмыш тақырыпта мектепішілік сайыс болып өтті. Әр сыныптан ханшайым мен ханзада шықты.

Әр сыныптан шыққан оқушылар өз өнерлерін көрсетуде алдарына жан салмады. Бірі әнімен, бірі мың бұралған биімен көрерменді баурап алды:


15 – 20 қазан аралығында «Арайлы, алтын күз» атты тақырыпта сурет байқауы өтті. Байқауға 1-11 сынып оқушылары қамтылды. Сурет байқауының қорытындысы алтын күз мерекесінде өз мәресіне жетті. 6 сыныптан Төлепбай Төреген, Жомарт Айда І орынмен, 7 сынып оқушысы Алмасқызы Шапағат ІІ орынмен , 4 сынып оқушысы Әбілғали Әлішер ІІІ орындармен марапатталды.
23 қазан күні 6 – 11 сынып қыздарының «Инабат» қыздар ұйымының «Қазақтың қыз бала тәрбиесі» тақырыпта баяндама оқылды. Жетекшісі Зікірбаева Бибігүл қазақтардың ежелден қыз бала тәрбиесіне тиянақты мән бергенін айтып өтті.

24 қазан күні 5-11 сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта эссе жазудан байқау жүргізілді. Байқауға ерікті 59 бала қатысып ішінен 9 сынып оқушысы Айдарқызы Ұлжан, Әділғали Алуа І орынмен, 9 сынып оқушысы Мақатай Жанна және 7 «ә» сынып оқушысы Алмасқызы Шапағат ІІ орынмен, 7 «ә» сынып оқушысы Дауылбаева Айерке,7 «а» сынып оқушысы Сұлтан Диляра және 9 сынып оқушысы Ғалымжанқызы Ақжан ІІІ орынмен марапатталды.


22 қазан мен 26 қазан күндері аралығында «Кітабыңды құрметте, күтіп ұста кірлетпе!» атты тақырыпта мектеп кітапханашысы Жұмағұлова Роза мен педагог ұйымдастырушы Шалғынбай Айгерімнің басшылығымен мектеп оқушыларының кітап тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмысы барысында 9 «а» сынып оқушысы Сабырқызы Айсәуле, Ғалымжанқызы Ақжанның география және қазақ әдебиеті пәндері қапталмаған, 8 «ә» сынып оқушылары: Мырзатай Іңкәр химия, биология; Айтбай Жайна химия, ағылшын; Бертай Еркенұр ағылшын; Зерберден Диар ағылшын, физика, химия; Зерберден Данияр геометрия, ағылшын, гография, химия, қазақ әдебиеті, физика; 7 «а» сынып оқушыларының кітаптары таза қапталған, 7 «ә» сынып оқушыларының кітаптары қапталған, 7 «а» сынып оқушылары: Арайқызы Назерке қазақ әдебиеті, математика, русс. Литература; Жанболат Ерасыл өзін - өзі тану, ағылшын, литература, Асқарқызы Мөлдір өзін өзі тану; Әбдіразақ Әли жаратылыстану, математика, әдебиет; Мұратұлы Бақыт әдебиет, математика, литература, ағылшын; 6 «ә» сынып Зайсан Саят өзін өзі тану; Серікбай Радмир өзін өзі тану; 5 «а» сынып Дархан Ақбота әдебиеттік оқу, және барлық оқушы өзін өзі тану кітабын қаптамаған; 5 «ә» сынып Есімхан Елдос еңбек, қазақ тілі; Нұрмағанбет Жанболат, Мұратқызы Назерке, Мәткен Алланұр, Мұратқызы Назерке, Сәбит Гүлдана, Аралбаева Айым, Еділұлы Еркежанда өзін өзі тану кітабы қапталмаған, 4 «а» сынып оқушысы Мұратбек Айымда бейнелеу кітабы қапталмаған, 4 «ә» сынып түгел қапталған, 3 «а» сынып қапталған, 3 «ә» қапталған, 2 «а» қапталған,2 «ә» сынып оқушыларының кітаптарының қапталғандығы анықталды.


Педагог ұйымдастырушы: А.Шалғынбай