15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген ата-аналар жиналысына хаттама » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген ата-аналар жиналысына хаттама
15
май
2019

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген ата-аналар жиналысына хаттама

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген ата-аналар жиналысына
Хаттама
Күні: 15.05.2019ж
Қатысушылар: Ата – аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. ҰБТ- ға дайындық,оқушылардың білім сапасы.
2.Мектеп бітіру кеші
3.Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары.
4.Балалар қауіпсізігін қамтамасыз ету
Тыңдалды:
Бірінші мәселені бастамас бұрым мектеп директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызы барша ата – аналарды 15 мамыр Халықаралық ата – аналар күнімен құттықтап, ата – аналарға таныстырылым ретінде жиналыстың бағдарламасы таратылды. Мектеп басшысының тарапынан болған құттықтаудан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Утешова Жазира «ҰБТ-мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтерудің басты бағыты» болып табылады деп бастаған өз баяндамасын жан-жақты ата-аналарды биылғы оқу жылындағы ҰБТ-ға дайындық тестілерінің көрссеткіштерін талдап, жіті таныстырды. Дайындық барысында қай сабақтардан қандай оқушы төмен дәреже көрсетіп отырғандығын нақтылы түрде атап өтті.
Екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің 26 сәуір 2019 жылдың № 104 бұйрығын негізге ала отырып мектепішілік бұйрықпен Шалғынбай Айгерім таныстырып өтті. Ата – аналарды білім бөлімінің хаттық қатынас қағазына сәйкес бітіруші сыныптарда,шығын келтіретін кеш болмайтынын айтып өтті. Аталмыш кеште мектеп бітіруші түлектерге мектеп формасын сақтау, қымбат көйлек, шамадан тыс әрленіп – сәнденуге, қымбат көлік жалдап қыдыруға және қалтаға ауырлық салатын дастарханның болмауы туралы бұйрықпен таныстырып өтті.
Үшінші талқыланған мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шалғынбай Айгерім жазғы уақыттағы лагерь жайлы түсінік берді. ҚР министрлігінің 2016 жылғы 11 мамыр, 2016 – 2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезінде балаларды жазғы сауықтыру, демалысын тиімді пайдалану,т.б жайлы № 36 «ө» үкімінің жүзеге асырылу мақсатында мектебімізде 3 ауысымнан тұратын жазғы сауықтыру лагерінің өтетіндігін айтты. Мектеп жанынан ашылатын лагерде жұмыс жүргізетін қызметкерлер туралы мектепішілік бұйрықпен таныстырып өтті. Осы тарапта мектеп жанынан ашылатын жазғы сауықтыру лагерінің І ауысымына қамқоршылық кеңестің шешімімен ата – аналар төрайымы Өмірбекова Гүлбақыттың отбасынан 60000 тг көлемінде демеушілік көрсеттетіндігі айтылып өтті. Жазғы сауықтыруды ұйымдастыру жұмыстарына ата – ана тарапынан қолдау көрсетулерін сұрады.
Төртінші мәселе бойынша ата – аналарға арналған 1) https://www.youtube.com/watch?v=To8mAThDV -0-Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі;
2) https://www.youtube.com/watch?v=roaHktiJSAM - Абай бол! Терезе...;
3) https://www.youtube.com/watch?v=nkLEyEzZlcg - Баланы интернеттен қорғау;
4) https://www.youtube.com/watch?v=He5CJEWH3mU - 2016 – 2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру сынды бейнероликтерді көрсетуден бастап, баяндама негізінде оқушылардың отбасындағы тәрбиесі туралы айтылды. Баяндамашы өз сөзінде ата-ананың бала өмірі үшін, оның өмір қауіпсіздігі үшін жауапты екендігін айта отырып, ата-аналардың міндеттері мен жауапкершілігіне нақты тоқталып кетті. Бала қауіпсіздігін тек-қана суық қару ұстамау,көлік жүргізбеу, ауыл сыртына аңға шығу,түнде беймезгіл уақытта ата-анасынсыз жүрмеу мен шектелмей, ауылымызға орнатылып жатқан интернет желісі аясында-қандай уақыт болмасын балаңыздың желі де нендей видеролик немесе желіде немен айналысып отыратынын жіті қадағалап отыруы жайлы кеңінен тоқталып, түсіндіріп, алдын алу шараларын айтып, алдағы жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігіне ата – ананың жауапты екендігін айтып өтті.
Жиналыс тек 4 мәселемен ғана шектеліп қоймай, мектеп психологі Мадиханова Гүлшаттың «Көңіл күй», «Сіз қандай ата – анасыз?» атты тренингтерімен жалғасын тапты. Тренинг барысында ата – аналардың өз балаларына қаншалықты көңіл бөлетіндігі, балалары туралы қаншалықты ақпарат білетіндігі байқалып, ата – аналар көтеріңкі көңіл күймен отырды.





Жарыссөзге шығушылар:
1. Құмғанбаев Мұрат қамқоршылық кеңес төрағасы:
Мектептегі оқу тәрбие жұмысының көрсеткіші көңіл толтырарлық. Мектепішілік болсын, аудандық тіпті республикалық шараларға балаларымыздың қатысып мектеп мерейін асқақтытып жүргені мектеп мұғалімдерінің еңрен еңбегі деп білемін.
2. Өмірбекова Гүлбақыт мектепішілік ата – аналар төрайымы:
Жазғы сауықтыру уақытында лагерь мектепішілік оқушыларға ағылшын, математика сынды пәндерден дайындық жүргізілсе, бала білімі демалыспен де біліммен де ұштастырылса деген өз пікірімді білдіремін.
3. Бөгетбаева Саягөз ата – ана:
Мектепішілік бұйрықты орындау ата – ананың парызы және бұл бұйрық біздің балаларымыздың қауіпсіздігі үшін жәнеде жазғы демалыстағы балалырымздың өмір қауіпсіздігіне өзіміз жауаптымыз деп айтты.
Шешім:
1. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Утешова Жазираның хабарламасы есепке алынсын.
2.Мектеп бітіру кешінің бұйрығының орындалуы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шалғынбай Айгерімге жүктелінсін.
3.Жазғы демалысты ұйымдастыруға сынып жетекшілер тарапынан аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім т.б әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларының қамтылуына көмек көрсетіліп, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шалғынбай айгерімге жүктелінсін.
4.Мектептен тыс уақыттығы оқушылардың өмір қауіпсіздігі ата – аналарына жүктелінсін.

Мектеп директоры: Дәрібай И.