мектеп асханасын тексеру туралы ақпарат 2019 – 2020 оқу жылы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектеп асханасын тексеру туралы ақпарат 2019 – 2020 оқу жылы
26
февраль
2020

мектеп асханасын тексеру туралы ақпарат 2019 – 2020 оқу жылы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде мектеп
асханасын тексеру туралы ақпарат
2019 – 2020 оқу жылы


«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің асхана жалгері Сансызбай Алма. Мектептің 56 оқушысы екі ауысымда бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 38, жалгер есебінен 18 оқушы. Жеке кәсіпкер оқушылар арасында тамақтан улану және жіті ішек жұқпаларының бұрқ етпе жағдайларының алдын алу мақсатында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру қызметтеріне арнайы аудандық зертханамен келісім – шарт негізінде өндірістік бақылау жүргізіп тұрады. Бақылау нәтижесінде алынған тағам құндылығының сынамалары микробиологиялық көрсеткіштерге сай, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес.Тамақтануды ұйымдастыруға құрылған арнайы комиссия мүшелері күнделікті асхана жұмысын, көрсетілетін қызмет сапасын, тізім бойынша оқушылардың толық тамақтануын жіті қадағалап отырады. Мектептегі тамақтандырудың нақты бағасы конкурстық негізде қойылған шарттарға қарай есептеледі ( ас мәзіріне байланысты). Күндік тамақтану бағасы – 270 теңге.
Асхананың, ыдыстырдың тазалығы, ас мәзірі күн сайын медбике А. Абаеваның тексеруінен өтеді. Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының рұқсатымен бекітілген ас мәзірі бар. Асханадағы ыдыстар, тамақтану орны жеткілікті.






Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай