терроризмге қарсы іс-әрекет пен іс-қимылды әзірлеу бойынша 7-11 сынып жетекшілер мен оқушылардың қатысуымен өткен оқыту сабағы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » терроризмге қарсы іс-әрекет пен іс-қимылды әзірлеу бойынша 7-11 сынып жетекшілер мен оқушылардың қатысуымен өткен оқыту сабағы
23
март
2022

терроризмге қарсы іс-әрекет пен іс-қимылды әзірлеу бойынша 7-11 сынып жетекшілер мен оқушылардың қатысуымен өткен оқыту сабағы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен
Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік
коммуналдық мекемесінде терроризмге
қарсы іс-әрекет пен іс-қимылды
әзірлеу бойынша 7-11 сынып жетекшілер
мен оқушылардың қатысуымен
өткен оқыту сабақтың

ХАТТАМАСЫ №1
Қарой ауылы
2021 жыл 18 қазан
Қатысқандар:
Сынып жетекшілер: 7
Оқушылар: 47
Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры О.А.Садырбаева
Мектеп әкімшілігі, АӘД, құқық пәні, тарих пәнінің мұғалімдері

Тақырыбы «Терроризмге қарсы күрес- мемлекет қауіпсіздігі»
Мақсаты :
Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру
Күн тәртібі:
1. Терроризм актілерін жасау қаупі туындаған кездегі террорға қарсы қорғалуын және іс-әрекеттерін қамтамасыз ету
2. “Терроризм – қоғамға қауіп төндіреді” (видеоролик) көрсету
3. “Терроризм актінің қауіпі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайындағы әрекеттер туралы жадынама” (слайд) таныстыру
4. Сынып жетекшілер мен оқушылар арасындағы терроризм актінің қауіпі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайындағы әрекеттер туралы түсіндіру мақсатында ақпаратпен толық таныстыру
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша АӘД пәнінің мұғалімі Қасабеков Қ жарылғыш құрылғылардың іске қосылу нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділердің арасында қалған жағдайда тұрғындарға қандай көмек көрсету керек екендігін айтып өтті. Заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б Сондай-ақ табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын белгілерін айтты. Күдікті зат тауып алған кезде ең бастысы адам не істеу керектігін атап өтті. мыс: қоғамдық көлікте, кіре беріс аула маңында немесе көшеде, мекемелерде. Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекеттер: Жарылғыш қондырғысының (ЖҚ): бар екенін көрсететін белгілер: - табылған затта сым, жіп, изоленталардың болуы; - заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікті дыбыстар шығуы; - заттан ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше басқа да иістердің шығатындығын ескертті.
Қорытынды:
«Терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»атты өткізілген оқу және практикалық сабағынан оқушылар мен ұстаздар қауымы толық мәлімет алғандықтары және әліде аталған тақырап бойынша білім көтеру керектігі айтылды . Терорризм мемлекеттің, қоғамның өміріне кері әсерін тигізетіндерін, арнайы қызмет мекемелерінің, құқық қорғау орындарының арнайы жүргізетін оқуларына қатысып ат салысу керектігін, қауіпті жағдайда азаматтардың өздерін дұрыс ұстай білуі терроризммен нәтижелі күреске қол жеткізуге болатынын түсінді.
Шешімі:
Оқушылар терроризмге кез-келген мемлекет қарсылық танытады деген қорытындыға келді. Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналғандығы туралы пікірлерін қорытындылады. Жас ұрпақтар - біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол берілмейді. Осындай қауіпті жағдайда азаматтардың өздерін дұрыс ұстай білуі терроризммен нәтижелі күреске қол жеткізуге мүмкіндік береді.





Мектеп директоры И.Дәрібай
ДТІЖО А.Шалғынбай