«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру бағыттары бойынша І тоқсанда жүргізілетін іс-шараларға хабарлама » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру бағыттары бойынша І тоқсанда жүргізілетін іс-шараларға хабарлама
23
март
2022

«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру бағыттары бойынша І тоқсанда жүргізілетін іс-шараларға хабарлама

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес «Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру бағыттары бойынша І тоқсанда жүргізілетін іс-шараларға хабарлама

2021 жылдың 30 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Біз жақсылық жасаймыз» атты тақырыбта «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері Қарой ауылының қараусыз қарт зейнеткерлерге бір күндік көмек көтсету акциясын өткізді. Акция барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шалғынбаймен педагог ұйымдастырушы К.Оспанбаева Асылбеков Тынышбек пен Шәкірбаева Кермахас апаның үйіне көмекке барды.
Көмек барысында ата мен апаның жалғыз тұратындығы және апаның 10 құрсақты күміс және алтын алқа иегері екенін білдік. Мектеп оқушылары арасында құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клуб мүшелері ата мен апаның аула тазалығына көмек көрсету үшін өз қолдарынан келгенше көмегін аямады. Қыздар есік алдын тазалып сыпырса,8-9 сынып ұлдары есік алдындағы шөптерді күрекпен шауып тырмамен тазалап су шашты, 10-11 сынып ұлдары бір апталық отын жарып күркеге тасып беріп қарт апаның алғысын алды.



Осы бір күндік көмекке алған алғыстарына оқушылар қуанышпен қайтты. Жақсылық жасау адамдықтың белгісі.

Мектепте 26 – 27 қазан күні «Алтын күз – 2021» атты күз мезгілінің қыр – сырын бейнелейтін мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Сыныптарға алдын ала жеребе бойынша алынған жемістің мақсаты оқушылар күзгі жемістердің денсаулыққа пайдасы мен маңызын түсіндіру болып табылады.
26 қазан күні таңертеңгі сағат 10-де МАД – 1 тобында «Алтын күз – 2021» атты тақырыптағы сайыста төрт топтың да оқушылары өз өнерлері мен қолөнерлерін ортаға салды. Кішкентай бүлдіршіндерге әділ қазылар алқасы да өз тілегін білдірді.Марапаттау сәті:


Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
1 «а»сыныбы-ананас-жетекшісі - бас жүлде;
МАД «ІІ» сыныбы-құлпынай- жетекшісі- І орын;
МАД «І»сыныбы-апельсин-жетекшісі- ІІ орын;
1 «ә» сыныбы-жүзім- жетекшісі- ІІІ орын;
26 қазан күні сағат 15:00 де «Алтын күз» мерекесі 2-4 сыныптарға өткізілді. Әр сынып жеміс жидектердің кейпіне енді.


Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
3 «ә»сыныбы-алма-жетекшісі Иманалиева Роза - бас жүлде
2 «а» сыныбы-арбуз- жетекшісі Куандыкова Айгул- І орын;
4 «ә» сыныбы-шие- жетекшісі Құрманбаева Айжан- ІІ орын;
2 «ә» сыныбы-өрік- жетекшісі Шалғынбекова Амантай – ІІ орын;
3 «а»сыныбы-банан-жетекшісі Төлжанова Зоя- ІІІ орын;
4 «а»сыныбы-алмұрт-жетекшісі Нурова Анияр- ІІІ орын;
27 қазан күні сағат 10:00 де «Алтын күз» мерекесі 5-7 сыныптарға «Күз ханзадасы мен ханшасы» атты тақырыпта жалғасын тапты.



Сайыс нәтижесінің қорытындысы мынадай болды:
8 «ә»сыныбы-жетекшісі Оразтаева Фарида - бас жүлде
9 «ә» сыныбы-жетекшісі Елжанова Мейрамкүл- І орын;
9 «а» сыныбы – жетекшісі Мадиханова Гүлшат - ІІ орын;
10 «ә» сыныбы-жетекшісі Дулатбек Қырмызы– ІІ орын;
10 «а»сыныбы-жетекшісі Айтақынова Гүлбақыт - ІІІ орын;
8 «а»сыныбы-жетекшісі Дүйсенбек Рауан- ІІІ орын;
27 қазан күні сағат 15:00 де «Алтын күз» мерекесі 8-10 сыныптарға «Күз ханзадасы мен ханшасы» атты тақырыптағы сайыс жалғасты .


Сонымен қатар, мектебімізде ұйымдастырылған іс-шаралар еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай