Ауыл әкімінің"Адал Ұрпақ" ұйымымен кездесу хабарламасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауыл әкімінің"Адал Ұрпақ" ұйымымен кездесу хабарламасы
17
май
2019

Ауыл әкімінің"Адал Ұрпақ" ұйымымен кездесу хабарламасы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Адал ұрпак» мектеп клубының белсенді мүшелерімен ауыл әкімінің кездесуіне хабарлама

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе . “Әкеге қарап ұл өсер ,шешеге қарап қыз өсер” дегендей жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше . Ата-ана бала тәрбиесінде баланы тәрбиелеп қана қоймай өз-өзін тәрбиелеуі тиіс .Себебі балаға қаншама жақсы қасиеттерді үйретіп ,жаман әдеттерден аулақ болуды үйретсең де ,егер ата-ананың бойында жаман қасиет табылса , бала бәрі бір өз ата-анасын қайталайды . Ата-ананың бойындағы көп кездесетін жаман әдеттер мынадай : шылым шегу ,салауатты өмір салтын ұстанбау , мінездегі тұрақсыздық ,ашушаң болу,жауапкершіліктің аз болуы. Ата-ана бала тәрбиесінде баласын осы әдеттерден аулақ болуды үйретіп және өзі де сол қасиеттерден арылуы тиіс . Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру ұстаздың негізгі міндеті.
Үлгілі орта мектебінде Қарой ауылдық округінің әкімі Болатов Әділғали ағамызбен мектепішілік «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі Болатов Әділғали жобалық кеңсенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстары туралы және мемлекеттік қызмет көрсету туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шектеулері туралы айтып өтсе, мектеп директоры Дәрібай Индира мектебімізде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары, «Адал Ұрпақ» мектеп клубының жұмыс жоспары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабақ өткізу жоспары және түрлі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары өтіп жатқандығы туралы айтып өтті.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдылық, бауырмалдылық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбилі ұрпақ болу барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық – еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Сыбайлас жемқорлықты келешек ұрпаққа сіңіруден аулақ болуды үйрету әрбір ата – ананың, ұстаздың міндеті.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай