Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс – шараның хабарламасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс – шараның хабарламасы
22
апрель
2020

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс – шараның хабарламасы

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс – шараның хабарламасы

Қазақстан 2020 жылы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өтпек. 26 тамызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды. Қаулыға сай, білім және ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның негізгі органы болмақ. Үкімет мемлекеттік комиссияға 2019 жылдың 1 қазанына дейін мерейтойды өткізу жоспарының жобасын ұсынуы тиіс. Ал комиссия жоспарды 2019 жылдың 1 қарашасына дейін бекітуі керек. Философ, математик, ғалым әл – Фараби шамамен 870 жылдары қазіргі Қазақстан аумағында туған. Шамамен 951 жылдары Дамаскте (Сирия) өмірден өткен. Бірнеше ғылыми еңбектің авторы. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбек жазып қалдырған. Осыған орай «Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай апталық жоспар құрылып іс- шаралар ұйымдастырылды. Апталық шара 10 ақпан күні «Мыңжылдықтың ұлы перзенті » атты тақырыпта өткізілген тәрбие сағатымен бастау алды. Тәрбие сағатын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Оразтаева Ф өткізіп, тәрбие сағаты барысында Әбу Насыр Әл – Фарабидің танымдық, даналық сөздерін насихаттай отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын оятты. 11 ақпан күні «Ұлы даланың, ұлы есімі» Әл-Фараби оқулары өткізіліп, тәрбие орынбасары Шалғынбай айгеріммен , сынып жетекшілер Жандосова Ташкен мен Дүйсенбек Рауанның бастауларымен орын алып кітаптар көрмесімен таныстыра отырып оқушылардың білетін даналық сөздерін айтып өтті. 12 ақпан күні 5 сынып оқушылары арасында «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» білімділер сайысы өткізілді. 13 ақпан күні 6 сынып оқушылары арасында «Әл-Фараби даналығы » Әл-Фарабидің нақыл сөздер сайысы өткізіліп, 6 «а» сыныбы белсенділік танытып жарыстан алғырлықтарын танытты. 14 ақпан күні « Әл-Фараби ғасыр перзенті» атты тақырыпта қорытынды кеш өткізіліп, апталық барысында белсенділік танытқан оқушылар мадақтамалармен марапатталып, кешіміз ән, бимен жалғасын тапты.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай