«Мұқағали қазақ поэзиясының шамшырағы» атты апталықтың хабарламасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұқағали қазақ поэзиясының шамшырағы» атты апталықтың хабарламасы
22
апрель
2020

«Мұқағали қазақ поэзиясының шамшырағы» атты апталықтың хабарламасы

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен Үлгілі орта мектебі » мкм Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағали қазақ поэзиясының шамшырағы» атты апталықтың
Хабарламасы
Қаңтар айының 27-31 аралығында МАД тобы мен 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ақиық ақын, поэзия хантәңірі, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдық мерейтойына арналған «Мұқағали қазақ поэзиясының шамшырағы» атты апталық өткізілді.
Апталықтың өткізілуіне түрткі болған тәрбие саласында «Шаңырақ» қауымдастығының құрылуы болып отыр. Апталықтың алғашқы күні 27 қаңтар мектеп АКТ залында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты : өскелең ұрпаққа Мұқағали атамыздың өшпес өлеңдерін бойына сіңіру болатын. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған МАД тобының бүлдіршіндері ақынның өлеңдерін жатқа , нақышына келтіре отырып орындаса, 11-сынып оқушылары ақынның «Моцарт.Жан азасы» атты реквиемі мен туған жерін сағынған сарбаздардың туған жерге деген сағынышты өлеңдерін топтастыра отырып , ақын әндерімен сүйемелдеп сахналық қойылым ретінде сахналады. Тәрбие сағаты барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзінді, кітаптарынан көрме, әндері айтылып, сөзіне жазылған әндерге би биленді. Сабаққа мектеп директоры И.Дәрібай бастаған әкімшілік мүшелері мен бірнеше ұстаздар, ата- аналар қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
Апталықтың келесі күні 28 қаңтар «Қызық екен» әдеби интеллектуалдық ойынымен жалғасты. Сайысқа екі топтан құралған оқушылар мен ұстаздар командасы қатысты, ақынның жеке өмірі мен достары арасында болған қызықты оқиғаларға байланысты сұрақтар қойылып өте тартысты өткізілді.
29 қаңтар күні Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдық мерейтойы құрметіне волейболдан 9-11 сынып оқушылары арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа оқушылар тек өздері ғана емес сынып жетекшілерімен қатысты. Сайыстың өте тартысты өткені соншалық, спортты серік еткен мектеп ұстаздарынан құралған тағы бір команда атсалысып бір сергіп қалды. Жарыс соңында 10 – сынып оқушыларынан құралған қыздар командасы мен 11-сынып ұлдар командасы Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдық мерейтойына арналған кубокты иеленсе, басқа командалардың барлығы сыйлықтармен марапатталды.
30 қаңтар күні «Мамандық таңдауда қателеспейік» тақырыбында 11-сынып оқушылары мен мамандық иелері арасында кездесу өткізілді. Кездесуге Қарой ауылдық округі әкімшілік апаратының бас маманы -Темірғалиев Дәуіржан, аурухана медбикесі - Алпарова Назерке және мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары -Утешова Жазира қатысты. Кездесу барысында оқушылар өздерінің мамандық таңдау жолындағы көкейлерінде жүрген сұрақтар мен ой- пікірлерін сұрады. Мамандықтың қиындықтары мен қызықты сәттері туралы сұхбаттасқан оқушылар кездесу соңында өмірлік таңдауларын дұрыс жасайтындай ой түйді.
Апталықтың жабылуы салтанатты іс-шарамен қорытындыланды. Қорытынды кеш «Бақыт деген сенің бала күндерің...» тақырыбында КТК ойындарын өткізумен аяқталды. Кеш соңында апталықта белсене қатысқан оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай