«Кен іздеген Сәтбаев» » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кен іздеген Сәтбаев»
22
апрель
2020

«Кен іздеген Сәтбаев»

«Мектепке дейінгі шағын орталығымен, Үлгілі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Шаңырақ қауымдастығы бойынша өткізілген апталықтың
Хабарламасы
Тәрбие саласындағы «Шаңырақ қауымдастығы» бойынша ақпан айының 17 – 21 аралығында 4 – ші және 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен шаралар өткізілді. Аптаның 1- ші күні 17 ақпан оқушыларды ұлы тұлғаларды таныстыру мақсатында «Кен іздеген Сәтбаев» тақырыбында екі сынып арасында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбектерімен және өмір жолымен танысып, «Геологтар» «Зерттеушілер» «Ғалымдар» тобы болып,өз ойларын ортаға салды.

Апталықтың 2 ші күні ең білікті, ең жүйрік өнерпаз оқушылардың 3,4,5,7 сынып аралығында «Алтын сақа» интелектуалды ойыны ұйымдастырылды. Өздерінің жүйрік ойларымен тапқырлығымен қойылған сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерімен бірге командасы болып ат салысып Саққұлақ командасы 4 ,5 сынып жеңіске жетті.Ойынымыз мәнді де сәнді де қызықты өтті.

19 ақпан қазақтың ұлттық спорттық ойынымен жалғасты, Аса құнды ұлтық ойындар, бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп, аталып жүруі де жайдан жай емес. Сол ойын арқылы шынығып,өзінің бойындағы табиғи дарынын ептілік, мергендік, шапшаңдығын шыңдай түседі. Асық ату,тенге алу,теңге ілу осындай ұлттық ойындарда 7 – 5 ші сынып оқушылары «Бүк» тобы ерекше көзге түстіп, асықтары алшысынан түсті.

20 ақпан күні Оқушыларға ана алдындағы парызын өтеу қарыз екендігін және ана мейірімділігінің құдіретін түсіндіру мақсатында «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»атты тақырыпта батыр аналармен кездесу кеші өтті. Кездесуге ауылымыздың немере шөбере сүйіп отырған Дүйсекқызы Гүлсім мен Исаханқызы Тілеуқор анамыз және көп балалы батыр аналар Өтегенқызы Толқын, Досымханқызы Гүлнұр келді. Аналар өздерінің өмір жолдарын және бала тәрбиесіндегі өз ойларын айтып, қонақ кәделерін жасады. Балалар өз көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, бейнесюжет бойынша өз ойларын жеткізе білді. Жыр шашуларын саханалық қойылым арнады. Кеш өте қызықты өтті,Аналар балаларға баталарын берді.

Аптаның соңғы күні «Ана-ән бала оның қайырмасы» атты қорытынды кеш ұйымдастырылды .
Жақын қалды аналардың мерекесі,
Жан шуағы әр үйдің берекесі.- деп
«Анаммен өткен бір күнім» видеороликтер түсіріліп және аналарына арнап монолог оқылды.Монолог оқу бойынша 8а-8ә сынып оқушылары Әлімбай Малика мен Мейрамбек Әдемі бас жүлдемен марапатталды, ал 1 ші орынды Бақытбек Гүлжан иеленді. Видеоролик бойынша бас жүлдемен Зайсанұлы Нұрым. 1- ші орындарды Асқатқызы Інжу, Жайлаубай Айша қанжығаларына байлады. 2 ші орынды Асқанбай Айғаным, Бақытәлі Гүлім. 3-ші орынды Ордабай Нұрдәулет иеленді. Кешке қатысқан оқушылар марапатталып кешіміз көңілді би кешімен аяқталды.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Шалғынбай