Жыл мұғалімі » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2022

Жыл мұғалімі

16,02.2022 жылы

Мектептің жылдық жоспар негізінде «Жылдың үздік мұғалімі - 2022» конкурсының  мектепішілік кезеңін  ұйымдастырып, өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік   шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.

Байқаудың міндеттері:

  • Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;
  • Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;
  • Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;
  • Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;
  • Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.

Байқауды өткізуді ұйымдастыру

  • Байқау  Білім бөлімі бекіткен Ережеге сәйкес өтеді;
  • Байқауға қатысуға мектептен бір ғана жеңімпаз жіберіледі; 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Білім беру мекемесінің штаттық педагогикалық қызметкері болуы шарт;
  • Байқауға қатысушының педагогикалық еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс. 
  Байқауға  6 мұғалім қатысты.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Жылдық жоспар
13 сентябрь 2017 Мектеп жүмысы