Татулық мекені » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Татулық мекені
11
май
2019

Татулық мекені

Татулық мекені
Тақырыбы: Татулық мекені
Мақсаты: Оқушыларды тілін, дінін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Көп ұлттылықты құрметтеу, әр ұлттың өзіндік құндылықтары және салт-дәстүрлерін білуге қастерлеуге тәрбиелеу.
1- Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі мерекенің арнайы қонақтары! Сіздерді ұлттық мереке – ұлттар –достастығы күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін ұлттар бірлігі мейрамына арналған «Татулық мекені» мерекелік концертіне қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:
Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді.Әр ұлттың өз дінін тілін және салт дәстүрін сақтауға мемлекетімізде еш шек қойылған емес.Себебі біздің мемлекетіміз сонысымен де қазақ –қонақжай әрі бірлікті татулықты ел деп саналуда.
1-Жүргізуші:
Бүгінгі «Татулық мекені» мерекелік кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.Мектебіміздің директоры: Дәрібай Индира Темірғалиқызы
2.Оқу ісінің меңгерушісі: Утешова Жазира Ғаниқызы
3.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шалғынбай Айгерім Қайратқызы
4.Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Қартбаева Ғазиза Әскерқызы
5.Мектепішілік ата – аналар комитетінің төрайымы: Өмірбекова Гүлбақыт
6. Қамқоршылық кеңестің төрағасы:
2-Жүргізуші:
Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел! Демекші –осынау бірлікті күннің ашылуында жүрек жарды ниетін білдіру үшін мектебіміздің директоры Дәрібай Индира Темірғалиқызына сөз береміз!
1-Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.-дей келе бүгінгі мереклік кештің сәнін келтірер «бірлігі жарасқан» ұлттарды ортаға шақырамыз!
(шаңырақпен бірге ұлттар шығады,сөз сөйлейді)
2-Жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.
1- Жүргізуші:
Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,
О ағайын,халық емес ол көл-көсір.
Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,
Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.
Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,
Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары - қазақ ұлты. Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар «МАД» тобы.
2-Жүргізуші:
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!! - дей келе келесі кезекте өз өнерімен және құттықтауымен 1 «а» сыныбының дайындауында Неміс халқын шақырамыз!
1-Жүргізуші:
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, ортаға Молдавия елінен келген қонақтарымызды тамашалауға шақырамыз. Молдаван ұлты 1 «ә» сынып оқушылары
2-Жүргізуші:
Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз-дей келе ортаға тамаша өнерімен 2 «а» сыныбының дайындауында Сыған халқын ортаға шықырамыз
1-Жүргізуші:
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.деп ақын ағаларымз жырлағандай ортаға Татар ұлтының өкілдерін шақырамыз. 2 «ә» сынып оқушыларын қарсы алайық!
2-Жүргізуші:
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан-демекші алдарыңызға кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған өнерін тамашалаңыздар! Ортада 3 «а» сыныбы Қытай халқын қарсыалыңыздар!
1-Жүргізуші:
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын- дей келе ортаға ерекше өзіндік сәні мен мәні жарасқан өнерімен бірге ұйғыр ұлтын шақырамыз.Қарсы алыңыздар ортада 3 «ә» сынып оқушылары
2-Жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың.
Ортаға 4 «а» сынып оқушылары өзбек ұлтын қошеметтеп шақырамыз қарсыалыңыздар!
1- Жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған-деп дана халқым жырлағандай ортада тағы бір кезекті ұлтымызды 4 «ә» сыныбының оқушыларын Орыс халқын шақырамыз!
2- Жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы-демекші тамаша өнерімен ортаға Баларусь халқын шақырамыз! 5 «а» сыныбын қарсыалыңыздар!
1- Жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық-демекші ортаға 5 «ә» сыныбының даярлаған Қырғыз халқын ортаға шақырамыз!
2- Жүргізуші:
Тілегі бір, Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз-дей келе ортаға Башқұрт ұлтының өкілдерін шақырамыз! 6 «а» сыныбын қарсы алайық!
1- Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ - қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілей отырып ортаға 6 «ә» сыныбын яғни Армиян халқын шақырамыз
2-Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- дей отырып өнерімен тамсандыру кезегін Грузин ұлтына береміз. Ортаға Грузин ұлтын, яғни 7 «а» сыныбын шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Өнерпаздар шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды-деп өз өнерімен таң-тамаша ететін тағы бір ұлт өкілдерінің бірі 7 «ә» сынып оқушылары, Тәжік ұлтын қошеметпен ортаға шақырамыз!
2-Жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- дей отырып, ендігі кезекті республикамызды тағы бір өкілі Украйн ұлтын тамашалауға шақырамыз. Ортада 8 «а» сынып оқушылары Украйн ұлты.
1-Жүргізуші:
Республикам менің,Республикам менің, Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
Достығы ұлттың мәңгілікке жасасын-деп ортаға 8 «ә» сыныбының дайындығымен ортаға Испан халқын шақырамыз
2-Жүргізуші:
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.-олай болса ортаға тағы бір ұлт өкілі 9 сынып оқушыларын Түрік халқын шақырамыз!
1-Жүргізуші:
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз,- дей келе өзіндік тамаша бір өнерімен ортаға Әзірбайжан ұлт өкілдерін яғни 10 «а» сыныбын шақырамыз
2-Жүргізуші:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр,- дей келе өз өнерімен 10 «ә» сынып оқушылары Үнді ұлтын қарсы аламыз!
1-жүргізуші:
1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
2 - жүргізуші:
Бойымызда бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!- дей келе бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларымыздың ата – аналарына рахмет айта отырып мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!