"Ұландарым айбыным" 7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған іс - шара » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұландарым айбыным" 7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған іс - шара
11
май
2019

"Ұландарым айбыным" 7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған іс - шара

«Ұландарым айбыным» 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс –шара
1-жүргізуші: Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры _______________________________ береміз.
1-жүргізуші: Абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
2-жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
1-жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Олай болса кішкентай бүлдіршіндеріңіздің шын жүректен шыққан «Біздің ағай» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп «Ару» би тобының орындауында «Тауыс» биін қабыл алығыздар!
1-жүргізуші: Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша шәкірттерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге оқушылардың шын жүректен шыққан арнауларын қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей Жомарт Дамирдің орындауында ________________________ қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген- дей 3а - сынып оқушыларының орындауында Қытай ұлтының ұлттық биін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз
1-жүргізуші: Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір
Ризамыз пейіліңе дархан аға,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп кешімізді көңілді өткізу үшін кезекті ойынға береміз.
2-жүргізуші:Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен
Сіздерге өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп жас шәкірттеріңіз _____________________________ тарту етеді. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
2-жүргізуші:Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп кезекті ойынға береміз.
1-жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
«Еркеназ» би тобының орындауында «Өзбек» биін қабыл алығыздар.
2-жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен
Сіздерге өмір думан, бақ әкелсін мереке.-дей келе 8-сынып оқушыларының заманауи биін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз ---------------------------------------------« » әнін жолдайды.
1-жүргізуші: Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман,
Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.
Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес,
Асыл олар аз боп қана таралған.- дей келе «Ясмин» би тобының орындауында Ұйғыр халқының ұлттық биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:Қазақ жігіті керемет қой расында
Жауапкершілік бар олардың басында
Өзге ұлттардың жігіттері түк емес
Кереметтей қазақ жігітінің қасында-дей келе «Еркеназ» би тобының орындауында әсем биді қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
1-жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!