Жас құтақарушы хабарлама » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас құтақарушы хабарлама
15
ноябрь
2018

Жас құтақарушы хабарлама

«Үлгілі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Жас құтқарушылар» ұйымының қазан айында атқарылған жұмысқа

ХАБАРЛАМА

17 қазан күні «жас құтқарушылар» ұйымының жетекшісі Қасабеков Қайыркен 9-11 сынып оқушыларына кезекті жиналысын ашып, сөз бастауға мектептің педагог – ұйымдастырушысы Шалғынбай Айгерім Қайратқызына сөз берді. Айгерім Қайратқызы жас құтқарушыларға өздеріне атқарылып отырған міндеттің ауыр екенін айта отырып қандайда бір қауіпті шарада міндетті түрде ұйым жетекшісі Қайыркен Бертайұлына немесе тікелей өзіне келілерін айтты. Адамның өмірінде кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі өрт екені мәлім.Ал енді осы өрт кезіндегі қауіпсіздік шарасы қандай болу керектігі жөнінде Қайыркен Бертайұлы сіздерге арнаған «Өрттің алдын алу шаралары» атты тақырыпта баяндамасын оқыды. Баяндама кезінде Қайыркен Бертайұлы : Өрт оқиғасы кезінде өртті сөндіру мақсатында әрдайым су қолданып, есіктер мен терезелерді жауып, газды бекітіп және электр қуатын сөндіру қажет. Жұмыс орындарында жұмыс істеп тұрған машиналарды және механизмдерді өшіріп, тез тұтанғыш материалдарды сумен салқындату қажет.
Жанып жатқан кеңістіктегі есікті ашу кезінде барынша абай болу шарт, өйткені кеніңтікке қосымша ауаның кіруі жалынның күшейуіне әкеліп соғады. Бұл мақсатта қауіпсіз қашықтықта қорғанып әрекет ету үшін ағаштарды қолданған жөн. Егер түтін болса, өз қауіпсіздігіңіз үшін еңкейіп, бетті жауып жүру қажет, ал қажет болған жағдайда басты суланған матамен орап, үстіңіздегі киімді сулап алған жөн.» екендігін айтып өтті.


Педагог – ұйымдастырушы: А.Шалғынбай
Хатшы: Құлжахметов Д