Жас полицейдің көмекшілері ұйымының хаттамасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас полицейдің көмекшілері ұйымының хаттамасы
15
ноябрь
2018

Жас полицейдің көмекшілері ұйымының хаттамасы

«Үлгілі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Жас полицейдің көмекшілері» тобының жетекшісін сайлау мақсатында 2018-2019 оқу жылының жалпы оқушылар жиналысының
хаттамасы
Қатысқандар: Дәрібай И.Т– мектеп директоры
Иргебаева К.Ж – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шалғынбай А.Қ – педогог-ұйымдастырушы
Қасабеков Қ.Б. - АӘД пәнінің мұғалімі, ұйым жетекшісі
Сынып жетекшілер мен оқушылар
Күн тәртібінде:
4. «Жас полицейдің көмекшілері» жасөспірімдер ұйымының басшысын сайлау.
5. «Жас полицейдің көмекшілері» жасөспірімдер ұйымына оқушыларды сайлау.
Тыңдалды:
Жалпы мектеп оқушыларының жиналысының күн тәртібімен, педагог-ұйымдастырушы Шалғынбай Айгерім Қайратқызы таныстырып өтті. «Жас полицейдің көмекшілері» жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иргебаева Карлыгаш Жәнібекқызы жалпы ережелер мен мақсат-міндеттерімен таныстырды. Ұйым басшысына төмендегідей үміткерлер ұсынылды: Санақбек Досжан -10 «а» сынып оқушысы, Нұрболған Ердәулет – 10 «а»сынып оқушысы,Қуантай Жанара-10 сынып оқушысы. Басшыны сайлау үшін әр үміткерге оқушылар ашық түрде дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша көптеген марапаттаулардың иегері, спорт майталманы Санақбек Досжан 10 «а»сынып оқушысы ұйым басшысы болып тағайындалды. Жаңа ұйым басшысы өз сөзінде, оқушыларға сенім білдіріп, жүктелген жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, жұмыс атқаруға уәде етті. Қорытынды сөз мектеп директоры И.Дәрібайға берілді. Өз сөзінде мектеп директоры «Жас полицейдің көмекшілері» жасөспірімдер ұйымына табыс тілеп, жаңа сайланған жетекшіге жүктелген мақсат-міндеттерді орындауда шығармашылық пен ізденпаздық керек екенін атап айтты.
«Жас полицейдің көмекшілері» жасөспірімдер ұйымына мына төмендегі оқушылар жазбаша өтініш білдіру арқылы ұйым басшысының отрядына төмендегідей оқушылар сайланды:
Нұрболған Ердәулет -10 «а»
Асқат Аружан -10 «а»
Мейірғали Дана -10 «а»
Әкуәли Жандос -10 «ә»
Нұргелді Нұршат -10 «ә»
Таңат Бағнұр -9 «а»
Әмірбек Шалқар -9 «а»
Нұрхамитұлы Мубарак -9 «а»
Ерболған Али -10 «а»
Шешім:
Жоғарыда аталған оқушылар ұйым мүшесі болып тағайындалсын, алдағы уақытта қарқынды жұмыс жүргізілуін қолға алынсын. Барлық ұйым мүшелері бир жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс жүргізетіндіктерін және жұмыла көтерген жүк жеңіл деп жиналысты қорытындылады.

Хатшы: Жамшигулова А