Жас құтқарушы ұйымының хаттамасы » Үлгілі орта мектебі
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 50-1-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 95-0-11 ulgili-3612@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас құтқарушы ұйымының хаттамасы
15
ноябрь
2018

Жас құтқарушы ұйымының хаттамасы

«Үлгілі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен, Архар шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Жас құтқарушылар» тобының жетекшісін сайлау мақсатында
2018-2019 оқу жылының жалпы оқушылар жиналысының
хаттамасы
Қатысқандар: Дәрібай И.Т– мектеп директоры
Иргебаева К.Ж – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шалғынбай А.Қ – педогог-ұйымдастырушы
Қасабеков Қ.Б. - АӘД пәнінің мұғалімі, ұйым жетекшісі
Сынып жетекшілер мен оқушылар
Күн тәртібінде:
1. «Жас құтқарушылар» ұйымының жалпы жылдық жоспарымен таныстыру.
2. «Жас құтқарушылар» ұйымының басшысын сайлау.
3. «Жас құтқарушылар» ұйымына оқушыларды сайлау.
Тыңдалды:
Жалпы мектеп оқушыларының жиналысының күн тәртібімен, педагог-ұйымдастырушы Шалғынбай Айгерім Қайратқызы таныстырып өтті. «Жас құтқарушылар» ұйымының жұмысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иргебаева Карлыгаш Жәнібекқызы жалпы ережелер мен мақсат-міндеттерімен таныстырды. Ұйым басшысына 11 «а» сынып оқушысы Әлім Аманғали ұсынылды. Басшыны сайлау үшін оқушылар ашық түрде дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша көптеген марапаттаулардың иегері, спорт майталманы Әлім Аманғали 11 «а»сынып оқушысы ұйым басшысы болып тағайындалды. Жаңа ұйым басшысы өз сөзінде, оқушыларға сенім білдіріп, жүктелген жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, жұмыс атқаруға уәде етті. Қорытынды сөз мектеп директоры И.Дәрібайға берілді. Өз сөзінде мектеп директоры «Жас құтқарушылар» ұйымына табыс тілеп, жаңа сайланған жетекшіге жүктелген мақсат-міндеттерді орындауда шығармашылық пен ізденпаздық керек екенін атап айтты.
«Жас құтқарушы» клубтарының құрамы 10 адамнан құрылған. Соның ішінде:
1.Клуб жетекшісі -Касабеков К ;
2.Клуб жетекшісінің көмекшісі - Әлім Аманғали 11 сынып оқушысы;
3. Үгіт-насихатшылар:
10 сынып оқушылары:
1. Ерболған Али
2. Наятолла Сейдолла
3. Ғаниқызы Аружан;
4.Медицина қызметкерлері:
1. Баймағанбетова Г (мектеп медбикесі),
2. Қуантай Жанара ( 10 сынып оқушысы)
5.Спорттық дайындық жетекшілері:
1. Шатаев С (дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі),
2. Сексен Рүстем ( 11 сынып оқушысы);
6.Хатшы:
1. Кулжахметов Д (дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі) .

Шешім:
жоғарыда аталған оқушылар ұйым мүшесі болып тағайындалсын, алдағы уақытта қарқынды жұмыс жүргізілуін қолға алынсын. Барлық ұйым мүшелері бир жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс жүргізетіндіктерін және жұмыла көтерген жүк жеңіл деп жиналысты қорытындылады.

Хатшы: Құлжахметов Д